Пресс-релиз
**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еураз�...
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директоры Асан Умбетов Анталияда өткен International Corporate Cup 2025 халықаралық турнирінде жеңіске жеткен компанияның футбол командасын Астана әуежайында қарсы алды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың футбол командасы жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдықты және жеңіске деген жігерді көрсетіп, компания намысын абыроймен қорғады. Жарысқа қатысу тек спорттық жетістік қана емес, теміржолшыларға тән корпоративтік бірлік пен командалық рухтың жарқын көрінісі болды.
Турнир қорытындысы бойынша команда бірінші орынды иеленді. Бұл нәтиже қызметкерлердің бірлігі, қуаты мен кәсібилігі өндірістік қызметте ғана емес, спортта да айқын көрінетінін дәлелдеді.
Кездесу соңында Бас директор Асан Умбетов ойыншыларға үздік ойындары, табандылығы және компанияны халықаралық аренада лайықты танытқаны үшін алғыс білдірді:
«Бұл жеңіс — командалық рухтың, табандылықтың және өз ісіне деген сүйіспеншіліктің нәтижесі. Баршаңызбен мақтанамыз!»
2026 жылдың басынан бастап ҚТЖ локомотив паркі 72 Жаңа тарту техникасымен толықтыр�...