ПРЕСС-РЕЛИЗ
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де Қазақстан Респу...
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, теміржол көлігінің дамуына қосқан айрықша үлесі, көпжылдық адал еңбегі және жоғары кәсіби шеберлігі үшін марапатталғандар:
Раев Ербол Әбдірұлы, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалы – «Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі» Жем пайдалану локомотив депосының тепловоз машинисті — «Құрмет» ордені.
Сонымен қатар, адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталғандар:
Ибрайханова Айгүл Кенеханқызы, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС, Достық станциясының жүк және багажды қабылдап-тапсырушысы
(Увакбаевтар еңбек әулетінің өкілі, әулеттің жиынтық еңбек өтілі — 308 жыл)
Сейілғазинов Жандос Дүйсенұлы, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС, ТД-8 Достық, Ақтоғай пайдалану локомотив депосының тепловоз машинисті
(Сейілғазиновтар әулеті, жиынтық өтіл — 266 жыл)
Сәрекенов Санат Құрманғалиұлы, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС, Достық станциясының 2-санатты инженер-технологы
(Сәрекеновтер әулеті, жиынтық өтіл — 188 жыл)
Ниязов Айтбек Дүйсенұлы, «Транстелеком» АҚ, Достық станциясының байланыс торабінің бастығы
(Ниязовтар әулеті, жиынтық өтіл — 170 жыл)
Жақыпова Марал Төлеуқызы, «КТТ» АҚ, Достық станциясының коммерциялық жұмыс жөніндегі бас маманы
(Жақыповтар әулеті, жиынтық өтіл — 152 жыл)
Қайырбеков Виталий Серікович, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалы – «Тасымалдау үдерісінің дирекциясы», Бескөл станциясының ПТО вагондарын қараушы-жөндеуші
(Қайырбековтер әулеті, жиынтық өтіл — 71 жыл)
Жортұлов Саят Тәуекелұлы, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалы – «Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі», Астана пайдалану локомотив депосының тепловоз машинисті
Аралов Андрей Викторович, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалы – «Қарағанды жүк тасымалы бөлімшесі», Балқаш пайдалану локомотив депосының тепловоз машинисті
Әбдіров Реймбай Салықбайұлы, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалы – «Тасымалдау үдерісінің дирекциясы», Бейнеу станциясының ПТО вагондарын қараушы-жөндеуші
Еңбек әулеттері, көпжылдық тәжірибе және мамандыққа адалдық — Қазақстанның көлік жүйесінің болашағын қалыптастыратын теміржол саласының берік іргетасы.
Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Кәсіби қызметтеріңізде жаңа табыстар мен биік жетістіктер тілейміз!
Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...
2026 жылғы 4 маусым Астана қ. ҚТЖ ТЭ33А тепловоздар паркінің 92%-дан астамын Trip Optimizer ж�...