Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат д...
Жыл сайынғы SRS (Әлеуметтік тұрақтылық рейтингі) зерттеуі және өндірістік қатынастар бойынша сауалнама аясында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің барлық филиалдарында еңбек ұжымдарымен түсіндіру кездесулері өтті.
Іс-шараның мақсаты — сауалнамаларды өткізу тәртібі, олардың маңызы және зерттеулердің ресми сипаты туралы қызметкерлерді хабардар ету.
Кездесулер барысында сауалнама «Самұрық-Қазына» АҚ Қоры тарапынан корпоративтік әлеуметтік тұрақтылықты мониторингтеу жүйесі шеңберінде жүргізілетіні туралы ақпарат жеткізілді.
Сондай-ақ сауалнама шеңберінде жолданатын барлық сілтемелер мен телефон қоңырауларының шынайы әрі ресми екені атап өтілді.
Аталған зерттеулер еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік тұрақтылық деңгейін уақтылы анықтап, талдауға, жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы әріптестік қатынастарды нығайтуға, сондай-ақ корпоративтік мәдениеттің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...