Журналистерге астық экспортының логистикасы көрсетіліп, Өзбекстан шекарасындағы кептелістің себептері түсіндірілді
Шымкент қаласында қазақстандық астықты экспортқа тасымалдау мәселелеріне арнал...
Қостанай өңірінде жаңа өнімді астықты жөнелту қарқынды жалғасуда, деп хабарлайды Rail-news.kz.
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Қостанай жүк тасымалы бөлімшесінің теміржолшылары Қазақстан ішіндегі және шетел бағыттарындағы жеткізілім логистикасын тұрақты ұстай отырып, артқан тасымал көлемдерін орындауды қамтамасыз етуде.
Филиалдың логистика бөлімінің бастығы Кенес Дюсекеевтің мәліметінше, қыркүйек айы мен қазанның алғашқы он күнінде бөлімше бойынша жаңа өнімді астық тиелген 6 876 вагон жөнелтілді: оның ішінде 1 590 вагон (108,3 мың тонна) ішкі бағыттарға, 5 286 вагон (364 мың тонна) экспортқа жіберілді. Орталық Азия елдеріне 3 358 вагон (232,6 мың тонна), Қытай Халық Республикасына 183 вагон (11,8 мың тонна) бағытталды.
Осы кезеңде 32 жөнелтуші астық маршруты қалыптастырылды: үшеуі — Қазақстан ішінде, сегізі — Ақтау портына, үшеуі — Қытайға, он сегізі — Орталық Азия елдеріне, біреуі — Ресей Федерациясына.
Жаңа өнімді ұн да белсенді жөнелтілуде. Есептік кезеңде 2 471 вагон (165 мың тонна) тиелді: 423 вагон (27,7 мың тонна) ішкі бағыттарға, 2 048 вагон (137,3 мың тонна) экспортқа жіберілді. Экспорттық ұнның негізгі көлемі Орталық Азия елдеріне — 1 946 вагон (128,9 мың тонна), Қытайға — 101 вагон (6,5 мың тонна) жолданды.
Жаңа өнімді астық контейнерлермен де жөнелтілуде. 285 фитингті платформа (17,7 мың тонна астық) тиеліп, олардың негізінде тоғыз ұйымдастырылған маршрут жасақталды. Бұдан бөлек, экспортқа 2 432 фитингті платформа құрама жеммен (150,6 мың тонна) жөнелтіліп, 77 маршрут құрылды.
«Жаңа өнімді астықты белсенді жөнелту кезеңінде үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету үшін бөлімше директорының төрағалығымен астық штабы ұйымдастырылды. 1 қыркүйектен бастап тәулік бойы жұмыс істейтін жедел астық топтары құрылды, сонымен қатар қосымша бес маневрлік тепловоз енгізілді», — деп атап өтті Кенес Дюсекеев.
Шымкент қаласында қазақстандық астықты экспортқа тасымалдау мәселелеріне арналған баспасөз туры өтті. Іс-шара барысында журналистерге астықтың Ө...
2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ желісімен жүк тасымалының көлемі 287,8 млн тоннаға жетті...
Бүгін «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұжымында теміржол саласында көп жыл еңбек еткен құрметті әріптесіміз — Мусина Айгүл Есмұханқызына...