Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
ҚТЖ Ақмола бөлімшесі астық тасымалында лидерлігін күшейтуде
195 / 20.10.2025 21:22

ҚТЖ Ақмола бөлімшесі астық тасымалында лидерлігін күшейтуде

Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі тасымал көлемдерінің тұрақты өсімін көрсетіп, ел бойынша астық жөнелтуде көшбасшылық орнын сақтап келеді.

2025 жылдың 9 айында Ақмола бөлімшесі бойынша 7,2 млн тонна жүк тиелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 56%-ға көп. Жалпы тиеп-жөнелту 112 мыңнан астам вагонды құрады. Оның ішінде 5,8 млн тоннасы экспортқа, 1,3 млн тоннасы ішкі қатынасқа бағытталды.

Бөлімше Қазақстанда астық тасымалдауда бұрынғыдай бірінші орында: 4,6 млн тонна астық тиелді, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 90,3% жоғары.

Жалпы астық көлемінің бөлінісі: Қазақстан ішінде — 1,3 млн тонна; Орталық Азия елдеріне экспорт — 1,6 млн тонна; Ақтау порты арқылы — 337,9 мың тонна; алыс шетелге — 1,1 млн тоннадан астам; Ауғанстанға — 50,7 мың тонна; Түркияға — 47,5 мың тонна; Қытайға — 165,8 мың тонна.

Жоғары нәтижелер теміржолдың барлық қызметтерінің үйлесімді жұмысы мен жүк жөнелтушілермен тиімді өзара іс-қимылдың арқасында қамтамасыз етілді.

ҚТЖ тасымал тиімділігін арттыру және елдің астық кешенінің экспорттық әлеуетін дамыту бағытындағы белсенді жұмысын жалғастыруда.

Поделиться:
Популярные новости
25 / 11.09.2026

Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...

460 / 10.08.2026

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру талқыланды

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер