Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат д...
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың салалық оқу орындарымен 2025–2026 оқу жылына арналған тиімді өзара іс-қимыл шаралары аясында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС өндірістік оқыту шебері Шариев Т.П. «Бурабай» колледжінің студенттеріне қонақ дәріс өткізді.
Іс-шараның мақсаты — тәжірибеге бағытталған оқытуды нығайту, студенттердің кәсіби құзыреттерін дамыту және теміржол мамандықтарына қызығушылығын арттыру.
Дәріс барысында студенттерге өндірістік үдерісті ұйымдастырудың заманауи тәсілдері, пойыз қозғалысының қауіпсіздігі мәселелері және жылжымалы құрамды пайдаланудың ерекшеліктері таныстырылды. Сондай-ақ кәсіби даярлық талаптарына және теміржол мамандықтарының салада сұранысқа ие болуына айрықша назар аударылды.
Мұндай кездесулер жастардың кәсіби бағдарын көтеруге, теміржолшылар буындарының сабақтастығын қамтамасыз етуге және өндіріс пен білім беру арасындағы байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...