Пресс-релиз
**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еураз�...
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС қызметкерлері арасында корпоративтік мәдениетті дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған үстел теннисінен іріктеу турнирі ұйымдастырылды.
Қатысушылар жоғары спорттық дайындықты, командалық рухты және жеңіске деген жігерді көрсетті. Турнир достық әрі жігерлі атмосферада өтіп, әріптестерді тек жұмыс орнында ғана емес, спорт алаңында да біріктірді.
Ашылу салтанаты мен жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директоры – Басқарма төрағасы Асан Изтлеуович Умбетов және жүк және коммерциялық жұмыс жөніндегі бас директордың орынбасары Саламат Есембекович Абжалиев қатысты.
Өз сөзінде Асан Изтлеуович мұндай спорттық іс-шаралардың корпоративтік рухты нығайтуға, ұжымның ұйымшылдығын арттыруға және салауатты өмір салты құндылықтарын ілгерілетуге маңызын атап өтті.
Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
???? 1-орын — Айқалиев Мәди
???? 2-орын — Пашаев Нұрлан
???? 3-орын — Смағұлов Ерлан
Компания басшылығы қызметкерлердің спорттық іс-шараларға белсенді қатысуы корпоративтік мәдениетті нығайтуға, жаңа жетістіктерге шабыттандыруға және «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұжымының командалық рухын күшейтуге ықпал ететінін атап өтті.
2026 жылдың басынан бастап ҚТЖ локомотив паркі 72 Жаңа тарту техникасымен толықтыр�...