Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат д...
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалы – «Достық станциясы» сенбілік өткізіп, станция аумағына 740-тан астам көшет отырғызды.
Іс-шараға филиалдың барлық қызметкерлері қатысып, ұжымның ұйымшылдығын және Компанияның экологиялық құндылықтарына берік ұстанымын көрсетті.
Акцияның мақсаты — аумақтарды көгалдандыру, экологиялық жағдайды жақсарту және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру.
Филиалдың бас инженері Байғонысов Д.К. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінен» экологиялық челленджді қабылдап, сенбілік аяқталғаннан кейін эстафетаны келесі қатысушыға — «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Алтынкөл станциясына» жолдады.
«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы Достық станциясы торабының барлық бөлімшелерінде жалғасып, қамтылатын аумақтарды кеңейтіп, Компания қызметкерлерінің экологиялық қозғалысқа қатысуын одан әрі арттырады.
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...