Пресс-релиз
**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еураз�...
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалы – «Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесі» кең ауқымды сенбілік өткізіп, Қызылорда облысы аумағында 3 700 көшет отырғызды.
Іс-шараға НОДГП-10 филиалының барлық қызметкерлері, станциялар, сондай-ақ ТЧЭ-34 Қызылорда, ТЧЭ-36 Сексеуіл және ВЧД-6 Қазалы бөлімшелері қатысты. Теміржолшылар ұжымы ұйымшылдық, белсенді азаматтық ұстаным және Компанияның экологиялық құндылықтарына адалдық танытты.
Экологиялық акцияның мақсаты — аумақтарды көгалдандыру, экологиялық ахуалды жақсарту және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру.
Филиал директоры Базарбаев Б.Б. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің «Атырау жүк тасымалы бөлімшесінен» экологиялық челленджді қабылдап, сенбілік аяқталғаннан кейін эстафетаны келесі қатысушыға — «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Достық станциясына» жолдады.
«Таза Қазақстан» акциясы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің барлық құрылымдық бөлімшелерінде жалғасып, барған сайын көп аумақты қамтып, Компания қызметкерлерінің экологиялық қозғалысқа кеңінен қатысуына мүмкіндік беруде.
2026 жылдың басынан бастап ҚТЖ локомотив паркі 72 Жаңа тарту техникасымен толықтыр�...