Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Локомотив паркін жаңарту үшін заманауи CKD6S тепловоздарын жеткізу
121 / 20.10.2025 12:01

Локомотив паркін жаңарту үшін заманауи CKD6S тепловоздарын жеткізу

Қытайдың CRRC Ziyang Co. Ltd. компаниясы өндірген сертификатталған тепловоздарды жеткізу бойынша ұзақ мерзімді келісім аясында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС локомотив паркін кезең-кезеңімен жаңартып келеді.

Бүгінгі күні CKD6S сериясының 17 заманауи маневрлік тепловозы жеткізілді, олар Астана және Екібастұз станцияларында табысты пайдаланылуда. 2026 жылдың соңына дейін осы сериядағы барлығы 100 бірлік тепловозды жеткізу жоспарланған.

Бүгін Жаңаарқа локомотив депосына кезекті CKD6S №2209 және №2210 тепловоздары келіп жетті. Жаңа локомотивтер локомотив бригадаларының жайлылығы мен қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз ететін заманауи жүйелермен жабдықталған.

Әр тепловозда кондиционер, тоңазытқыш, электр плитасы, санитарлық торап және «БОРТ» қауіпсіздік жүйесі бар. Бақылау деңгейін арттыру үшін қозғалыс бағыты бойынша теміржол жағдайын, сондай-ақ дизель бөлімшесін және машинист кабинасын тіркейтін бес бейнекамера орнатылған. Бейнежазбалар 2 ТБ көлеміндегі жинақтағышқа сақталады.

Алдыңғы CKD6E сериясымен салыстырғанда жаңа CKD6S тепловоздары бірқатар техникалық жетілдірулерге ие:

  • механикалық реттеудің орнына электронды жанармай бүрку жүйесі енгізілді;

  • сырғанау подшипниктерінің орнына домалау подшипниктері қолданылды;

  • прожекторлық және буферлік шамдар светодиодты түрге ауыстырылды;

  • тепловоздың ұзындығы 22 метрден 18 метрге қысқартылды, бұл радиусы кіші иіндерде маневр жасауды анағұрлым қауіпсіз етеді.

CRRC Ziyang Co. Ltd. компаниясымен серіктестік «ҚТЖ-Жүк тасымалы» үшін жылжымалы құрамды жоспарлы түрде жаңарту стратегиясын дәйекті жүзеге асыруға, тасымалдау процесінің тиімділігі мен теміржол инфрақұрылымының сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жаңа CKD6S сериялы тепловоздар локомотив бригадаларының жоғары бағасын алып, теміржол саласының әрі ел экономикасының дамуына елеулі үлес қосатынына сенімдіміз.

Поделиться:
Популярные новости
18 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

19 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

68 / 19.05.2026

11 пайдалану локомотив депосы жаңа техника алды

2026 жылдың басынан бастап ҚТЖ локомотив паркі 72 Жаңа тарту техникасымен толықтыр�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер