Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Ұлттық тасымалдаушының пойыздары қыс маусымына кешенді дайындықтан өтуде
141 / 15.10.2025 11:11

Ұлттық тасымалдаушының пойыздары қыс маусымына кешенді дайындықтан өтуде

Қарлы борандар мен төмен температура жағдайында тежегіш жүйесінің ақаусыз жұмысын қамтамасыз етуге айрықша назар аударылады: тоңазыудың алдын алу үшін барлық қозғалмалы бөлшектер майланып, сыртқы элементтер қар мен мұз жиналмауы үшін мұқият тазаланып, тексеріледі. Бұл жабдықтың тұрақты жұмысын сақтауға мүмкіндік береді.

Компанияның техникалық парктерінде тәулік бойы вагондардың вагон асты жабдығы мен жүріс бөлігіне регламенттік қарап-тексерулер жүргізіледі, кузовтар жуылады, тораптар тазаланады, тығыздағыштар (уплотнитель) ауыстырылады және анықталған ақаулар жойылады. Әр рейс алдында вагондар санитарлық және дезинфекциялық өңдеуден өтеді: барлық беттер мұқият тазартылады. Дезинфекция бүрку, тозаңдату және сүрту әдістерімен, санитарлық нормаларға қатаң сәйкес, сертификатталған құралдармен жүргізіледі.

Пойыз бригадаларының қызметкерлері қысқы кезеңге кешенді дайындықтан өтеді: қысқы киім үлгісіне көшу, жұмысты орындауға қажетті барлық құрал-жабдықтармен қамту. Әр рейс алдында қызметкерлер міндетті медициналық тексеруден өтеді және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі. Қауіпсіздік техникасы, алғашқы медициналық көмек көрсету және кәсіби этиканы сақтау бойынша нұсқаулықтар тұрақты негізде өткізіледі.

Барлық жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін арнайы комиссия егжей-тегжейлі тексеріс жүргізіп, жылжымалы құрамның қысқы кезеңге дайындығын растайды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның барлық бағыттарында жолаушылар пойыздарын қысқа дайындау кең ауқымда жүргізілуде. Бүгінгі күні компания паркінде 2 188 вагон бар, оның ішінде 1 317 — стандартты, 732 — Talgo, 108 — электродизельді. Олардың барлығы бірізді түрде қысқы пайдалану талаптарына сай дайындалады.

Барлық пойыздарда жылыту жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін тексеру және сынақтар жүргізіледі, желдету жүйесіне диагностика жасалып, оңтайлы температураны сақтау қамтамасыз етіледі, есіктер мен терезелердің тығыздығы бақылауға алынып, қажет болған жағдайда резеңке тығыздағыштар ауыстырылады.

Поделиться:
Популярные новости
11 / 16.07.2026

ПРЕСС-РЕЛИЗ

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының не�...

283 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

66 / 04.06.2026

Пресс-релиз

2026 жылғы 4 маусым Астана қ. ҚТЖ ТЭ33А тепловоздар паркінің 92%-дан астамын Trip Optimizer ж�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер