Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат д...
«Достық – Мойынты теміржол учаскесінің екінші жолдарын салу» жобасын іске асыру аясында энергетикалық инфрақұрылымның жаңа нысандарын пайдалануға енгізу жұмыстары аяқталды.
«Достық» және «Ақши» қосалқы станциялары арасында кернеуі 110 кВ, жалпы ұзындығы 109 км болатын әуе электр жеткізу желісі пайдалануға берілді. Сондай-ақ «Достық» қосалқы станциясы жаңғыртылып, оның қуаты 16 000 кВ деңгейіне дейін арттырылды.
Салынған энергетикалық нысандар стратегиялық маңызы бар тораптарды — теміржол инфрақұрылымын, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін, мемлекеттік шекара учаскелері мен қайта тиеу пункттерін — сенімді әрі үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, «Достық» станциясы мен оған іргелес аумақтардағы шамамен 2 000 абонент тұрақты электрмен қамтылады.
Жобаны іске асыру көлік инфрақұрылымын дамытуға және халықаралық маңызы бар негізгі бағыттардың бірі бойынша теміржол тасымалдарының тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...