Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда
Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" ко�...
ҚТЖ-де тәжірибелі қызметкерлерден жас мамандар мен жаңа қызметкерлерге білім, тәжірибе және корпоративтік құндылықтарды жүйелі түрде беруге бағытталған корпоративтік жоба — «Тәлімгерлік институты» басталды.
Жобаның басты мақсаты — Компанияның кадрлық әлеуетін нығайту, еңбектің тиімділігін арттыру және теміржолшылар буындарының сабақтастығын қалыптастыру.
Жобаны іске асыру аясында мынадай негізгі міндеттерді шешу көзделеді:
жаңа қызметкерлер мен жас мамандардың лауазымға бейімделу кезеңін қысқарту арқылы адаптацияны жеделдету;
тәжірибелі әріптестерден практикалық тәжірибені, кәсіби білім мен дағдыларды сапалы түрде беру;
қызметкерлердің кәсіби (hard) және тұлғалық-коммуникативтік (soft) құзыреттерін дамыту;
Компанияның корпоративтік құндылықтарына, миссиясына және стандарттарына берілгендікті қалыптастыру;
персоналдың адалдығы мен қатысуын (engagement) арттыру есебінен кадр тұрақсыздығын төмендету;
кадрлық резервті қалыптастыру және дамыту, әрі қарай мансаптық өсуге әлеуеті жоғары қызметкерлерді айқындау;
өндірістік қауіпсіздік бойынша практикалық тәжірибе алмасу арқылы еңбекті қорғау мен қауіпсіздік деңгейін көтеру.
Жоба шеңберінде тәлімгерлер (наставниктер) мен стажёрлардың пулы қалыптастырылады. Тәлімгерлер арнайы оқытудан өткеннен кейін стажёрлар бекітілген тізімнен тәлімгерді өз бетінше таңдай алады. Тәлімгермен бірлесіп, шеберлік сабақтарын, техникалық дәрістерді, тренингтерді және практикалық көрсетілімдерді қамтитын жеке тәлімгерлік жоспар әзірленеді.
Тәлімгерлік үдеріс апта сайынғы кездесулерді, конструктивті кері байланыс алмасуды және белгіленген критерийлер бойынша тәлімгерлер қызметін бағалауды қарастырады. Тәлімгерлер пулын қалыптастыру кезінде Компаниядағы еңбек өтілі, кәсіби құзыреттердің жоғары деңгейі және біліктілік талаптары ескеріледі.
«Тәлімгерлік институты» жобасын іске асыру ҚТЖ-де корпоративтік мәдениетті нығайтуға, адами капиталды дамытуға және Компания қызметінің тиімділігін арттыруға маңызды қадам болады.
Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...