Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат д...
Теміржолшылар кәсіподағы күніне орай «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалы — Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі және Бірыңғай есеп айырысу орталығы қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және корпоративтік рухты нығайтуға бағытталған спорттық іс-шара ұйымдастырды.
Бағдарламаға командалық және жекелей сайыстар кірді: эстафеталар, мини-футбол, үстел теннисі және басқа да белсенді спорт түрлері. Қатысушылар жоғары деңгейдегі ұйымшылдықты, спорттық жігер мен жолдастық қолдауды көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер кәсіподақ комитетінің алғыс хаттары және естелік сыйлықтарымен марапатталды.
Мұндай іс-шаралар корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға, командалық өзара әрекеттестікті дамытуға және теміржолшылар ұжымының бірлігін күшейтуге ықпал етеді.
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...