Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат д...
Жаңа жүйе Компанияның корпоративтік, кадрлық және әлеуметтік сервистерін бірыңғай цифрлық кеңістікте біріктіреді.
Не өзгереді:
қызметкерлердің корпоративтік және өндірістік жүйелерге бірыңғай қол жеткізуі;
жекелендірілген HR-құралдар мен талдамалар;
әлеуметтік бағдарламаларды цифрландыру;
ішкі процестерді автоматтандыру;
ақпараттық қауіпсіздік пен деректерді қорғау деңгейін арттыру.
Платформа заманауи архитектуралық қағидаттар негізінде жасалып, ҚТЖ-ның негізгі корпоративтік жүйелерімен интеграцияланады.
Барлық шешімдер ISO 27001 және СТ РК 1695-2007 стандарттарына сай болуы, деректердің тапсырыс беруші инфрақұрылымында сақталуын қамтамасыз етуі тиіс, сондай-ақ бағдарламалық өнімдерге айрықша мүліктік құқықтар Компанияға беріледі.
Іске қосу — 2026 жыл.
Инициатива теміржол көлігі саласында цифрлық технологияларды дамытуға бағытталған.
ҚТЖ отандық IT-компаниялар мен стартаптарды өз әзірлемелері мен технологиялық шешімдерімен бөлісуге шақырады.
Ақпаратты ұсынылатын өнімдер немесе технологиялар туралы қысқаша сипаттама түрінде жолдауды сұраймыз.
Ұсыныстарды 2025 жылғы 21 қазанға дейін мына мекенжайларға жіберіңіз:
[email protected]
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...