Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат д...
Семинар машинист-нұсқаушылар, жылу техникасы инженерлері және НОДГП талдаушылары үшін ұйымдастырылды.
Іс-шара департамент директоры — ТЭР-ді нормалау және бақылау қызметінің басшысы Даурен Аманбаевтың төрағалығымен өтті.
Семинарға «Транстелеком» АҚ, Wabtec компаниясының өкілдері, сондай-ақ солтүстік өңірлердің мамандары қатысты.
Wabtec өкілдері пойыз қозғалысын басқарудың тиімділігін арттырып, отын шығынын азайтатын TripOptimizer жүйесінің мүмкіндіктерін ұсынды. «Транстелеком» АҚ мамандары отын шығынын есепке алу мен бақылаудың дәлдігін арттыруға бағытталған АСУ ЭДТ жүйесінің дамуы және жаңа функциялары туралы баяндады.
Семинардың басты мақсаты — тиімділікті арттыру, цифрлық технологияларды енгізу және отын-энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалану саласында тәжірибе алмасу.
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...