Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-на жаңа Бас директор тағайындалды
295 / 16.10.2025 17:01

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-на жаңа Бас директор тағайындалды

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-ның Бас директоры (Басқарма төрағасы) болып Асан Умбетов тағайындалды.

Асан Умбетовтің локомотив шаруашылығында 20 жылдан астам еңбек өтілі бар. Еңбек жолын Ақтөбе пайдалану локомотив депосында тепловоз машинисінің көмекшісі болып бастаған.

Ол М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «көлік жолдары инженері» біліктілігі бойынша аяқтаған.

Кәсіби қызмет жылдарында тепловоз машинисінен ірі бөлімшелердің басшысына дейінгі жолдан өтті. Машинист-нұсқаушы, Айтеке би айналым депосы директорының орынбасары, Курорт-Боровское пайдалану локомотив депосы өндіріс жөніндегі директорының орынбасары және Павлодар пайдалану локомотив депосы пайдалану жөніндегі директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

Сегіз жыл бойы Қарағанды пайдалану локомотив депосын басқарды.

2022 жылы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-ның атқарушы директоры – Локомотивтерді пайдалану департаментінің директоры, кейінірек локомотив шаруашылығы жөніндегі бас директордың орынбасары болып тағайындалды.

Поделиться:
Популярные новости
26 / 11.09.2026

Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...

471 / 10.08.2026

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру талқыланды

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер