Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Жаңаарқа және Маңғыстау деполарына заманауи тепловоздар келіп жетті
207 / 16.10.2025 18:58

Жаңаарқа және Маңғыстау деполарына заманауи тепловоздар келіп жетті

CKD6S сериялы жаңа маневрлік және ТЗ6А сериялы магистралдық тепловоздардың алғашқы партиялары Жаңаарқа мен Маңғыстау локомотивтік пайдалану деполарына жеткізілді. Ұжымдар «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен Қытайдың CRRC Ziyang Co. Ltd. компаниясы арасындағы ұзақ мерзімді шарт аясында келген заманауи техниканы салтанатты түрде қарсы алды.

Жаңа техника ҚТЖ локомотив паркін жоспарлы жаңарту шеңберінде жеткізілуде. Бүгінгі күнге дейін Астана және Екібастұз станцияларында табысты пайдаланылып жүрген 17 маневрлік тепловоз жеткізілді. 2026 жылдың соңына дейін осы серияның тағы 100 бірлігін жеткізу жоспарланған.

Жаңа тепловоздар жоғары техникалық және пайдалану сипаттамаларымен ерекшеленеді. Олар «БОРТ» қауіпсіздік жүйесімен, кондиционермен, тоңазытқышпен, электр плитасымен және санитарлық тораппен жабдықталған, бұл локомотив бригадалары үшін жайлы жағдай жасайды. Қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін қозғалыс бағыты бойынша, дизель бөлімшесінде және машинист кабинасында жағдайды тіркейтін бес бейнекамера орнатылған. Мәліметтер сыйымдылығы 2 терабайт болатын жинақтағышқа сақталады.

Заманауи тепловоздарды пайдалану операциялардың тиімділігі мен қауіпсіздігін арттырып, Қазақстанның теміржол саласының одан әрі дамуына ықпал етеді.

Поделиться:
Популярные новости
9 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

23 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

27 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер