Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Мемлекет басшысы «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісін іске қосты
313 / 30.09.2025 05:33

Мемлекет басшысы «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісін іске қосты

Өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев VII «Жаңа Жібек жолы» халықаралық көлік-логистика іскерлік форумының басталуымен қатысушыларды құттықтап, бүгінгі іс-шараның айрықша маңызын атап өтті.

– Біз «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісінің ресми ашылуына куә болып отырмыз. Бұл, шын мәнінде, ерекше маңызды инфрақұрылымдық жоба. Күмән жоқ, ол Қазақстанның көлік-логистика жүйесінің дамуына және оның тиімділігін арттыруға тың серпін береді. 35 жыл бұрын «Достық – Алашанькоу» жобасы іске қосылды. Қазақстан мен Қытайдың теміржол желілерінің түйісуі еліміз үшін тарихи оқиға болды. Бүгінгі рәсімге осы жолдың құрылысына қатысқан ардагерлер шақырылды. Сіздерге шын жүректен алғыс айтамын. Жолдауымда көлік-логистика саласы экономиканың қозғаушы күші әрі халықаралық байланыстарды нығайтудың негізгі факторларының бірі екенін атап өттім. Қазақстан бұл салада зор әлеуетке ие. Ұлы Жібек жолы Қазақстан мен Орталық Азия арқылы өткен. Қазақ жері ежелден Қытай мен Еуропаны жалғаған алтын көпір саналады. Қытай – біздің мәңгі жақын көршіміз әрі сенімді одақтасымыз. Біз әрдайым бір-бірімізді қолдап келеміз. Екі халықтың қарым-қатынасы берік достық пен өзара сенімге негізделген. Елдерімізді ортақ болашаққа деген көзқарас біріктіреді. Жан-жақты ынтымақтастық бірізді түрде күшейіп келеді. «Бір белдеу, бір жол» ғаламдық жобасының маңызы зор. Белгілі болғандай, 2013 жылы осы бастаманы Төраға Си Цзиньпин дәл Қазақстанда жариялаған. Біз бұл жобаны жан-жақты қолдаймыз және оны іске асыруға белсенді қатысамыз, өйткені ол еліміздің мүдделеріне толық сай келеді. Соның айқын дәлелі – «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісі, – деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл – Тәуелсіздік жылдарында салынған ең ірі теміржол магистралі. Жоба Қазақстан үшін стратегиялық маңызға ие.

– Күндіз-түні тынымсыз еңбек еткен жұмысшыларымыздың табанды еңбегінің арқасында теміржол мерзімінен бұрын іске қосылды. Бұл – бірлескен жанкешті еңбектің нәтижесінде жүзеге асқан, шынымен, тарихи сәт. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге зор алғыс айтамын. Жаңа жол жүк тасымалы көлемін 5 есеге дейін арттыруға мүмкіндік береді. Экспорттық тауарларды жеткізу мерзімі қысқарады, транзиттік әлеует нығаяды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің сөзінше, бүгінде еліміз Еуразиядағы басты транзиттік хабтардың біріне айналды.

– Қазақстан Солтүстікті Оңтүстікпен, Батысты Шығыспен байланыстырады. Еліміздің аумағы арқылы әлемнің ең ірі сауда нарықтарына жол ашатын 5 теміржол дәлізі өтеді. Біз көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға айрықша мән береміз. Соңғы он жылда салаға шамамен 35 млрд доллар инвестиция құйылды. Халыққа Жолдауымда бірқатар жобаны уақытылы жүзеге асыруды тапсырдым. Алдағы уақытта 5 мың километр жаңа теміржол салынып, 11 мың километр жол жөнделеді. Қазір «Мойынты – Қызылжар» теміржолын салу жұмыстары жүріп жатыр. Қызылжар станциясынан Ақтау портына дейінгі учаскелер жаңғыртылады. Бұл бағыт Транскаспий халықаралық көлік бағыттарының негізгі бөлігі саналады. Аталған шаралар Еуропа мен Азия арасындағы байланыстарды нығайтып, Трансказақстан теміржол бағыты мен Орта дәліздің қарқынды дамуына қуатты серпін береді. Жалпы, бәсекеге қабілеттілікті сақтау үшін мемлекет ең алдымен экономиканы нығайтуға басымдық беруі керек. Осы ретте көлік-логистика саласының рөлі ерекше. Сондықтан Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру басты басымдықтардың бірі болып қала береді. Теміржол саласының алдында ауқымды міндеттер тұр, – деп атап өтті Президент.

Мемлекет басшысы бұдан әрі бұл салаға цифрландыру мен жасанды интеллект технологиялары белсенді енгізілетінін, соның арқасында ол еліміздің экономikasындағы озық бағыттардың біріне айналатынын айтты. Президент алда атқарылатын жұмыс көп екенін, сол себепті барлық жоспарды уақтылы орындаудың айрықша маңызды екенін жеткізді.

Іс-шара барысында сондай-ақ Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов, «Қазақстанның Еңбек Ері», теміржол саласының ардагері Қалтай Самбетов сөз сөйледі.

Поделиться:
Популярные новости
3 / 06.11.2025

5 қарашада Алтынкөл халықаралық шекара өткелінде Темір жол ынтымақтастығы ұйымының (ТЖЫҰ) жүк экспорты жөніндегі жылдық жоспары мерзімінен бұрын орындалды

Ауыстырып тиеу көлемі 6,7 млн тоннадан асты, бұл жылдық көрсеткіштің 100% -на сәйкес келеді. Нәтижеге мерзімінен бұрын қол жеткізу экспорттық ...

34 / 04.11.2025

Қазақстан мен Қытай шекара маңы станцияларының ауысым қызметкерлерін бір-бірінің аумағында орналастыру туралы келісімге келді

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының шекаралық өткелдерінің жұмыс тиімділігін арттыру, сондай-ақ көрші аумақтарда жүктерді үзд...

103 / 30.10.2025

Шымкентте пайдалану локомотив деполары басшыларының оқуы басталды

Шымкент қаласында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің пайдалану локомотив деполары үшін өндіріс жөніндегі басшының орынбасарлары мен өндіріст...

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер