Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«Ең үздік вагон қараушы – 2025» байқауы Өскеменде өтті
279 / 24.09.2025 15:46

«Ең үздік вагон қараушы – 2025» байқауы Өскеменде өтті

Rail-news.kz хабарлағандай, Өскеменде алғаш рет Өскемен (ВЧД-24) және Семей (ВЧД-23) пайдалану вагон деполары қызметкерлері арасында «Ең үздік вагон қараушы – 2025» атағына командалық байқау өтті.

Бұған дейін мұндай сайыстар бір ғана депо аясында өткізілетін. Бұл жолы алаңда бірден екі кәсіпорынның вагоншылар командасы кездесті.

Байқау тек білім мен шеберлікті сынап қана қоймай, тәжірибе алмасуға, озық жұмыс тәсілдерін насихаттауға және кәсіби байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді.

«Екі вагон депосы арасындағы мұндай байқау Қазақстанда алғаш рет өтіп отыр, – деді Өскемен пайдалану вагон депосының бастығы Марат Қыдырханов. – Жігіттер танысып, білім-ескертпелерімен бөліссін деп күш біріктірдік. Бір депо ішінде атмосфера мүлде басқа, ал мұнда нағыз бәсекелестік рухы туды. Семейліктер жаңа әсермен оралады, ал өз жігіттеріміз де бекеттерге тарап, алған тәжірибесімен бөліседі».

Жеңіс үшін әрқайсысы капитан — вагондарды қараушы-жөндеушілер бастаған бес адамнан тұратын екі команда бақ сынады. ВЧД-24 командасын Виталий Колмогоров (Өскен-Таловка станциясының КПТО), ал ВЧД-23 командасын Серик Сәдуов (Жаңа-Семей станциясының ПТО) басқарды.

Алғашқы екі тур нағыз кәсіби емтихан болды: қатысушылар бір-біріне вагондарды техникалық қызмет көрсету, тежеу жүйелерін пайдалану, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның бұйрықтары мен нұсқаулықтары, еңбек қорғау және өндірістік қауіпсіздік бойынша сұрақтар қойды. Екінші турда команда капитандары өзара сайысты.

Үшінші сынақ — тест: 25 минут ішінде әр қатысушы үш нұсқалы 50 сұраққа жауап берді. Ең үздік нәтиже Виталий Колмогоровқа тиесілі — 50-нің 49 балын жинады. Серик Сәдуов пен Дамир Хамитов (Құмыстау станциясы, ВЧД-24) 45 балдан алды.

Шешуші кезең Өскемен-1 станциясындағы ажыратпалы жөндеу пунктінде өтті. Төрт минуттың ішінде әр үміткер көрші орналасқан екі вагоннан мүмкін болғанша көп ақауды анықтауы тиіс еді.

«Нақты жұмыста бір вагонды қарауға көбірек уақыт бөлінеді, – деп түсіндірді ВЧД-24-тің букса тораптары мен автотежегіш бойынша нұсқаушысы Нұрлан Наурызбаев. – Барлық ақауды табу үшін вагонды алақандай білу керек».

Нәтижесінде жеке есепте Серик Сәдуов (ВЧД-23) жеңімпаз атанып, практикалық тапсырмада ең көп балл жинағаны үшін «Зейінділігі үшін» арнайы грамотамен марапатталды. Екінші орын — Виталий Колмогоровқа (Өскен-Таловка станциясының КПТО), үшінші — Дамир Хамитовқа (Құмыстау ПТО) бұйырды. Командалық есепте ВЧД-24 күштірек көрінді — 79 балл, ВЧД-23 — 75 балл. Барлық қатысушыларға грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Марапаттан кейін команда капитандары әсерімен бөлісті.

«Біз бір-бірімізбен сайысып, сырт көзбен қарауға қуанышты болдық, – деді Виталий Колмогоров. – Семейлік жігіттер де, біздің жігіттер де — керемет мамандар. Осындай кездесулер жиі өткенін қалаймыз».

Серик Сәдуов әріптесінің сөзін құптап, байқаудың вагон қараушыларының шеберлігін арттыру мен өзара іс-қимылды күшейту үшін маңызды екенін қосты.

Қазылар алқасы, кәсіподақ және басшылық қатысушылардың дайындығын жоғары бағалап, сайыстың жаңа форматы кәсіби шеберлікті дамыту мен корпоративтік бірлікті нығайтудың маңызды қадамы болғанын атап өтті.

Поделиться:
Популярные новости
7 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

23 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

26 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер