Пресс-релиз
**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еураз�...
Қазіргі уақытта көмірге ажиотаж да, тапшылық та жоқ. Қатты отынды өңір бойынша 50-ден астам сауда нүктесінен сатып алуға болады. Шұбаркөл көмірінің орташа бағасы тоннасына 19 100 теңге, Кузнецк көмірі – 16 500 теңге, ал Майкүбен көмірі – 16 000 теңге.
«ПСВ86» ЖШС директоры Никита Аносовтың айтуынша, қойма тәулік бойы жұмыс істейді, қорда шамамен бес мың тонна көмір бар. Күн сайын шамамен 500 тонна отын түседі. Көмірдің бағасы тұрақты — тоннасы 15 800 теңге. Қарағанды тұрғындары арасында ең жоғары сұранысқа Шұбаркөл көмірі ие. Ол жоғары жылу шығымымен, төмен күлділігімен ерекшеленеді және ең үздік энергетикалық ресурстардың бірі саналады. Сонымен қатар, күкірт мөлшері аз әрі экологиялық тұрғыдан таза.
«Бүгінгі таңда бәрі өз ретімен жүріп жатыр, өңір тұрғындары көмірді кезексіз, ажиотажсыз жоспарлы түрде сатып алуда. Соңғы уақыттарда станцияға шамамен 550 вагон шұбаркөл көмірі келді, бұл — 35 мың тонна. Майкүбен көмірінің жеткізілімі 80 вагонды құрады», — деп атап өтті Майқұдық станциясының бастығы Еркен Садыков.
Синоптиктердің мәліметінше, тура бір айдан соң шахтерлер астанасында ауа температурасы нөлден төменге түседі. Осыған байланысты Қарағанды облысының тұрғындары суық маусымда кезектер болмауы үшін отынды алдын ала қамдап жатыр.
2026 жылдың басынан бастап ҚТЖ локомотив паркі 72 Жаңа тарту техникасымен толықтыр�...