Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Қостанай бөлімшесі контейнерлік тасымалды 925,7 мың тоннаға дейін ұлғайтты
159 / 22.09.2025 00:54

Қостанай бөлімшесі контейнерлік тасымалды 925,7 мың тоннаға дейін ұлғайтты

2025 жылдың қаңтар–тамыз айларының қорытындысы бойынша «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің Қостанай жүк тасымалы бөлімшесі контейнерлік тасымал көлемінің тұрақты өсімін көрсетуде, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Осы кезеңде 925,7 мың тонна жүк 30 168 контейнерге тиеліп, олар 15 514 фитингтік платформаға орналастырылды. Соның ішінде 476 ұйымдастырылған маршрут қалыптастырылды.

Негізгі үлес диірмен өнімдеріне тиесілі — 669 мың тонна (21 546 контейнер, 10 929 платформа, 349 маршрут). Астық дақылдарын тиеу 43,2 мың тоннаны құрады (1 436 контейнер, 820 платформа, 22 маршрут). Маңызды бөлігін Жітіқара станциясынан жөнелтілетін асбест тасымалдары алып отыр — 86,7 мың тонна (3 110 контейнер, 1 628 платформа, 39 маршрут), оларды «Қостанай минералдары» АҚ жүзеге асырады. Құрама жем жөнелтілімі 126,8 мың тоннаны құрады (4 076 контейнер, 2 137 платформа, 66 маршрут).

«Біздің контейнерлік жүктерді жөнелтудің негізгі бағыттары – Қытай, Еуропа, Орталық Азия және басқалары», – деді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалы – «Қостанай жүк тасымалы бөлімшесі» логистика бөлімінің басшысы Кеңес Дюсекеев. – «Қостанай бөлімшесінің теміржолшылары – үнемі өсіп келе жатқан тасымал көлемін табысты атқарып келе жатқан нағыз кәсіби мамандар».

Мұндай нәтиже өңірдегі контейнерлік тасымалдардың тұрақты дамуын және логистиканы ұйымдастыру деңгейінің жоғары екенін дәлелдейді.

Поделиться:
Популярные новости
18 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

20 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

68 / 19.05.2026

11 пайдалану локомотив депосы жаңа техника алды

2026 жылдың басынан бастап ҚТЖ локомотив паркі 72 Жаңа тарту техникасымен толықтыр�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер