Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат д...
2025 жылғы 2 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысынан флекстенктер орнатылған 40 футтық контейнерлермен қазақстандық өсімдік майының тәжірибелік партиясы жөнелтілді. Жүк 12 күнде 4700 км қашықтықты еңсеріп, Цзянсу провинциясына жеткізілді.
Бұл жеткізілім логистиканың тиімділігін және АҚ «ҰК «Қазақстан темір жолы» тарапынан Қытайға тұрақты жеткізілімдерді ұйымдастыруға дайындығын растады.
Жоба стратегиялық сипатқа ие: ол Қытай нарығын игеруге және контейнерлік тасымалдарды дамытуға бағытталған, бұл Қазақстан Республикасы Президенті қойған міндеттерге сай келеді.
Пилоттық жеткізілімнің іске асуы отандық өндірушілер үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
10–11 қыркүйекте Хоргос станциясында «Үрімжі темір жолы» өкілдерімен өткен келіссөздер барысында тараптар жобаны кеңейту ниетін растады: тиеу талаптарын қатаң сақтай отырып, 20 және 40 футтық контейнерлерде майды тұрақты жөнелтуді ұйымдастыру көзделген.
Осылайша жоба ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа мықты негіз қалыптастырып, Қазақстанның экспорттық әлеуетін одан әрі кеңейтуге жол ашады.
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...