Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат д...
АҚ «ҰК «Қазақстан темір жолы» мен АҚШ-тың Wabtec компаниясы Астанадағы «Локомотив Құрастыру Зауыты» базасында өндірісі жергіліктендірілген ТЭ33АТ жаңа сериялы локомотивтерді жеткізу туралы келісімге қол қойды. Ынтымақтастық аясында сервистік келісімдер де бекітілді — олар жаңа және қолданыстағы локомотивтерге техникалық қызмет көрсетуді қамтиды, КТЖ паркі сенімділігін жоғары деңгейде ұстап тұруға және пайдалану шығындарын оңтайландыруға бағытталған. Ұзақ мерзімді келісімдер Сексеуіл, Аягөз, Мақат, Ақтөбе, Астана, Шалқар, Алматы сияқты өңірлердегі сервистік орталықтар орналасқан елді мекендерде тұрақты жұмыс орындарын қамтамасыз етуге кепілдік береді.
Келісімшарттардың жалпы сомасы — 4,2 млрд АҚШ доллары.
Жаңа локомотивтер Қазақстанның әртүрлі климаттық жағдайларында жұмыс істеуге бейімделген, жоғары қуаттылықпен, энергия тиімділігімен және сенімділікпен ерекшеленеді. Бұл Ұлттық компанияға жүк айналымы артқан жағдайда тартқыш құрамның дайындығының пайызын көтеруге мүмкіндік береді.
Паркті жаңарту 2030 жылға қарай локомотив паркінің тозу деңгейін қазіргі ~49%-дан 32%-ға дейін төмендетуге ықпал етеді.
2000-жылдардың басында басталған КТЖ мен Wabtec ынтымақтастығы Қазақстанның теміржол саласын жаңғыртудың негізгі факторларының бірі болды. Бірлескен жұмыс жылжымалы құрам мен операциялық процестерді әлемдік деңгейге шығарып, озық әрі сенімді теміржол көлік инфрақұрылымын қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Бұл мәміле Қазақстандағы локомотив жасау тарихындағы ең ауқымдысы болып, елдің Еуразиядағы көлік технологиялары нарығында стратегиялық ойыншы ретіндегі рөлін күшейтті.
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...