Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Wabtec АҚШ-тан тыс жерде алғаш рет дизельді қозғалтқыштар өндірісін іске қосады — Қазақстанда
111 / 20.09.2025 12:45

Wabtec АҚШ-тан тыс жерде алғаш рет дизельді қозғалтқыштар өндірісін іске қосады — Қазақстанда

АҚ «ҰК «Қазақстан темір жолы» делегациясы басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновтің жетекшілігімен АҚШ-қа жұмыс сапары аясында Пенсильвания штатының Гров-Сити қаласында орналасқан, локомотив жасау саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі — Wabtec компаниясының өндірістік алаңдарын аралады.

Гров-Ситидегі зауыт локомотивтер мен ауыр техникаға арналған дизельді қозғалтқыштарды өндіру және күрделі жөндеуден өткізуге маманданған. КТЖ делегациясы баламалы отын түрлерін қолдану, күш қондырғыларын жаңғырту үдерістері, сондай-ақ цифрлық мониторинг пен сапаны бақылау жүйелері сияқты заманауи технологиялармен танысты.

Ерекше назар энергия тиімділігіне, шығарындыларды азайтуға және инновациялық шешімдерді енгізуге аударылды — бұл бағыттар КТЖ-ның жылжымалы құрамын дамытудың басты басымдықтары болып табылады.

Кездесу қорытындысы бойынша Wabtec 2026 жылы «Астана Дизель Сервис» зауытында жаңа дизельді қозғалтқыштар өндірісін іске қосу жоспарын растады — бұл АҚШ аумағынан тыс қозғалтқыштар өндірісінің алғашқысы болмақ. Бұл Қазақстан үшін локализациялау деңгейін арттыру және саланың технологиялық дербестігін күшейту жолындағы маңызды қадам болады.

Тараптар сонымен қатар технология трансфері, кадрларды даярлау және локомотив паркін техникалық сүйемелдеу салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетуді талқылады. Сапар әріптестікті нығайтудағы маңызды кезеңге айналып, елдің көлік инфрақұрылымын дамытуға халықаралық тәжірибені енгізу жөніндегі КТЖ бағытын растады.

Поделиться:
Популярные новости
11 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

13 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

54 / 19.05.2026

11 пайдалану локомотив депосы жаңа техника алды

2026 жылдың басынан бастап ҚТЖ локомотив паркі 72 Жаңа тарту техникасымен толықтыр�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер