Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Теміржол көлігімен жүк тасымалы биылғы 8 айда 4%-ға өсті
238 / 09.09.2025 15:18

Теміржол көлігімен жүк тасымалы биылғы 8 айда 4%-ға өсті

2025 жылдың қаңтар–тамыз айларында «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша 204 млн тонна жүк тасымалданды, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 4%-ға көп. Соның ішінде елішілік тасымал 114 млн тоннаға (+2%) жетті, экспорт — 56,1 млн тонна (+8%), транзит — 19,6 млн тонна (+10%).

Көрсеткіштердің өсімі негізгі номенклатуралар бойынша қамтамасыз етілді. Есепті кезеңде 67,7 млн тонна таскөмір тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 4%-ға жоғары. Экспорт 21,3 млн тоннаны (+12%) құрады, ал Қазақстан аумағындағы қатты отын тасымалы — 44,6 млн тонна (+1%). Астық тасымалы 17%-ға өсіп, 9,1 млн тоннаға жетті: оның ішінде экспорт — 6,1 млн тонна (+52%), елішілік тасымал — 1,7 млн тонна (+47%).

Мұнай жүктерін тасымалдау 18,3 млн тонна (+8,6%), құрылыс жүктері — 14,3 млн тонна (+4%), химикаттар — 9,2 млн тонна (+9%), минералдық тыңайтқыштар — 5,1 млн тонна (+16%), қара металдар — 10,3 млн тонна (+9%) болды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ жүк жөнелтушілердің ішкі және экспорттық өтінімдерін уақтылы орындап, жүк тасымалын тұрақты түрде қамтамасыз етуді жалғастыруда.

Поделиться:
Популярные новости
15 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

17 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

66 / 19.05.2026

11 пайдалану локомотив депосы жаңа техника алды

2026 жылдың басынан бастап ҚТЖ локомотив паркі 72 Жаңа тарту техникасымен толықтыр�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер