Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Қазақстандық астықтың 12,4 млн тоннасы экспортталды
487 / 05.08.2025 15:22

Қазақстандық астықтың 12,4 млн тоннасы экспортталды

2024 жылғы қыркүйектен 2025 жылғы шілдеге дейін Қазақстаннан астық экспорты 12,4 млн тоннаны құрады, деп хабарлайды Rail-news.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ деректеріне сәйкес, өткен маусымның осы кезеңімен салыстырғанда экспорт көлемі 34%-ға өсті.

Жаңа өнімнің астығы мен ұнының жеткізілімі айтарлықтай артты: Өзбекстанға – 28,2% (3 млн 384 мың тоннадан 4 млн 338 мың тоннаға), Тәжікстанға – 39,2% (1 млн 39 мыңнан 1 млн 446 мың тоннаға), Қырғызстанға – 2,5 есе (156 мыңнан 398 мың тоннаға), Иранға – 17,3 есе (56 мыңнан 974 мың тоннаға), Әзербайжанға – 120 есе (6 мыңнан 723 мың тоннаға).

2024–2025 жылдар маусымының негізгі жетістігі – экспорт географиясының кеңеюі: Қазақстан бұрын астық импорттаушылары қатарында болмаған бірнеше Еуропа елдеріне (Бельгия, Польша, Португалия, Норвегия және Ұлыбритания) алғаш рет жеткізілімдерді бастады.

Қазақастандық өнімге БАӘ, Вьетнам және Солтүстік Африка елдері белсенді қызығушылық танытып отыр. Ұлттық астық операторы – «Продкорпорация» ҰК» АҚ желісі бойынша Солтүстік Африкаға (Марокко) шамамен 60 мың тонна және Вьетнамға 15 мың тонна бидай экспортталды.

Бұдан бөлек, соңғы бес жыл бойы үзіліс болған Әзербайжан, Грузия және Түркия бағыттарына жеткізілімдер қайта жанданды. Италияға қатты бидай экспорты едәуір артты.

Поделиться:
Популярные новости
23 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

24 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

11 / 30.05.2026

Көкшетау локомотив депосында жұмысшылардың еңбек және демалыс жағдайлары жақсарды

Көкшетау станциясында локомотивтерге техникалық қызмет көрсету цехын, әкімшілі...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер