Пресс-релиз
**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еураз�...
Теміржол көлігі қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Биыл біздің кәсіби мерекеміз ресми мәртебе алды — бұл теміржолшылар еңбегінің маңызын мойындаудың айқын көрінісі.
Мерекенің мәнін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сала қызметкерлерін жеке құттықтап, үздіктерге мемлекеттік наградалар тапсыруы айрықша арттырды. Бұл – біздің кәсібімізге, оның тарихына және теміржолшылардың ел экономикасы мен қоғам өміріндегі рөліне берілген жоғары баға.
Биыл «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 100-ден астам қызметкері мен ардагері мемлекеттік наградаларға ие болды. Жалпы саны 1400-ден астам теміржолшы марапатталды. Бұл – бәріміз үшін мақтаныш пен шабыт көзі.
Алда бізді ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру, транзиттік әлеуетті нығайту және саланы жаңғырту сияқты зор міндеттер күтіп тұр. Сіздердің жоғары кәсібиліктеріңіз, іске адалдықтарыңыз, сондай-ақ құрметті ардагерлеріміздің білімі мен тәжірибесі жаңа жетістіктердің берік негізі боларына сенімдімін.
Әрқайсыңызға еңбектеріңіз, жауапкершіліктеріңіз және бейжай қарамайтын белсенді ұстанымдарыңыз үшін алғыс айтамын. Еңбектеріңіз қуаныш пен қанағат сыйласын, шаңырақтарыңызға әрдайым бейбітшілік, жылулық және амандық орнасын.
Мереке құтты болсын!
Құрметпен,
Басқарма төрағасы
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ
Т. Алдыбергенов
2026 жылдың басынан бастап ҚТЖ локомотив паркі 72 Жаңа тарту техникасымен толықтыр�...