Пресс-релиз
**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еураз�...
Президентке ұлттық компанияның қызметінің нәтижелері туралы ақпарат ұсынылды. Талғат Алдыбергеновтің айтуынша, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығы қорытындысы бойынша пайдалану жүк айналымы 8,6%-ға артты. Транзиттік тасымал көлемі 14,6 млн тоннаны құрады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Трансқазақстандық теміржол дәлізін қалыптастыру мақсатында 1700 км-ден астам жаңа теміржол желісі салынып, 3 мың км жолдың жаңғыртылып жатқаны баяндалды. Биыл Достық – Мойынты учаскесіндегі екінші жолдардың және Алматы айналма жолының құрылысы аяқталады. Дарбаза – Мақтаарал жобасы жүзеге асырылуда. Бақты – Аягөз және Қызылжар – Мойынты бағыттарында желілердің құрылысы басталды.
Мемлекет басшысына терминалдық желіні кеңейту жұмыстары жалғасып жатқаны туралы да мәлімет берілді. Қытай, Ресей, Венгрия, Беларусь, Әзербайжан және Грузия сияқты жүктерді шоғырландырудың негізгі нүктелерінде Қазақстанның болуы логистиканы оңтайландырып, Шығыс – Батыс және Солтүстік – Оңтүстік бағыттарындағы тасымал тиімділігін арттырады.
Цифрландыру мәселелеріне жеке назар аударылды. Инновациялардың әлемдік көшбасшыларымен әріптестікте теміржол көлігінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. ТМТМ бойынша транзиттік декларациялауды автоматтандыру логистикалық операциялардың ашықтығын қамтамасыз етіп, жеткізу мерзімдерін жеделдетті. Декларацияларды рәсімдеу уақыты 8 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарды.
Қорытындысында Президент көлік инфрақұрылымын одан әрі жаңғыртудың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның транзиттік әлеуеті мен экономикасын дамытуда ҚТЖ-ның шешуші рөлін айқындады.
2026 жылдың басынан бастап ҚТЖ локомотив паркі 72 Жаңа тарту техникасымен толықтыр�...