Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат д...
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов Анкарада Мерсин халықаралық портының бас директоры Аджай Кумар Сингхпен келіссөздер өткізді. Кездесу Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаевтың Түркияға ресми сапары аясында өтті.
Тараптар ТМТМ-ды дамыту және Азия мен Еуропа арасындағы тиімді мультимодальды логистикалық шешімдер қалыптастыру шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов серіктестердің жүк тасымалының тұрақты көлемін қамтамасыз етуге жоғары қызығушылық танытып, дайын екенін атап өтті және порттың Орта дәліз жүктерін ауыстырып тиеудің негізгі хабы ретіндегі маңызды рөлін айқындады.
Келіссөздер барысында порттың артқан жүк көлемін қабылдауға дайындығы, ірі ағындарды өңдеуге арналған порттық қуаттарды дамыту мәселелері қарастырылды.
Тиімді логистикалық тізбек құру мақсатында қазақстандық тарап Мерсин портына «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен PSA International-дың бірлескен кәсіпорны – KPMC әлеуетін пайдалануды ұсынды. Кәсіпорын қазірдің өзінде Қытай – Түркия (Измит, Косекой), Сиань – Стамбул бағыттары бойынша тасымалдарды дамытып, сондай-ақ Циндао – Қорғас – Сергели бағыттары бойынша блок-пойыздарды ұйымдастыру бойынша белсенді операциялық қызмет жүргізіп келеді.
Кездесу қатысушылары бірлескен күш-жігер елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге және өңірдің транзиттік әлеуетін одан әрі ашуға ықпал ететініне сенім білдірді.
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...