Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
ҚТЖ-да қозғалыс қауіпсіздігі бұзушылықтарының саны азайды
311 / 29.07.2025 18:13

ҚТЖ-да қозғалыс қауіпсіздігі бұзушылықтарының саны азайды

2025 жылдың I жартыжылдығында Компанияның құрылымдық бөлімшелері жол берген қозғалыс қауіпсіздігін бұзу оқиғаларының саны 4%-ға азайды. 2018 жылдан бері ҚТЖ-да бұзушылықтар санының жыл сайын тұрақты түрде төмендеу үрдісі байқалады.

Негізгі іс-шаралардың бірі – операциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәдениетін қалыптастыру тақырыбында бірінші басшылармен стратегиялық сессия өткізу болды. Сессия қорытындысы бойынша «Қозғалыс операциялық қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру және қолдау» қағидаттарын іске асыруға арналған Жол картасы әзірленді. Құжат қызметкерлердің технологиялық үдерістерді сақтау ісіне тартылуын арттыруға, персоналды оқытуға, өзіндік бақылауды дамытуға және сенім атмосферасын қалыптастыруға бағытталған.

Өңірлік және желілік бөлімшелердің 100-ден астам басшысы «Қозғалыс операциялық қауіпсіздігі мәдениеті» қағидаттары бойынша оқытудан өтті. Нәтижесінде персонал кінәсінен орын алатын бұзушылықтар саны 34%-ға төмендеді.

Жас мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында теміржолдардың техникалық пайдалану Қағидаларын, Сигнал беру және пойыздар қозғалысы жөніндегі Нұсқаулықтарды зерделеуге арналған электрондық курстарды әзірлеу жұмысы жалғасуда. Сондай-ақ.

Компания қауіпсіздікті басқарудың цифрлық құралдарын енгізді. Олардың қатарында: «Қауіпсіздік жөніндегі ревизор» автоматтандырылған жүйесі, «Инфо-Орталық» ақпараттық кешені, қозғалыс қауіпсіздігі тәуекелдерін талдау жүйесі бар.

«Комиссиялық ай сайынғы қарау», «Аудит» атты автоматтандырылған жүйелер әзірленуде.

Жол учаскелеріндегі тәуекелдерді айқындау үшін «Тұтас дәнекерленген жолдың ақауға дейінгі жай-күйін кешенді талдау жүйесі» және «Рельс жолының геометриясының ақауға дейінгі жай-күйін есептеу бағдарламасы» пайдаланылады.

Аталған жүйелерді деректермен заманауи диагностика құралдары қамтамасыз етеді: мобильді диагностикалық кешендер (МДК) – жол геометриясын өлшеу, дефектоскопия, георадарлау және бейнебақылау функциялары бар; және мобильді диагностикалық зертханалар (МДЛ) – теміржол және автомобиль жүрісіне бейімделген өзі жүретін біріктірілген зертханалар, олардың өнімділігі тележка-дефектоскоптармен салыстырғанда 5–7 есе жоғары.

Компания көлік нысандарында болу және мал жаю ережелері бойынша белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Теміржол төсеміне малдың жақындауы кезінде жедел әрекет ету үшін малды чиптеу жөніндегі ұсынымдар әкімдіктерге жолданды.

Көлік полициясымен бірлесіп қауіпсіздік деңгейін және мүліктің сақталуын арттыру жөніндегі Жол картасы іске асырылуда.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары бекіткен «Кешенді жоспарда» көрініс тапқан. Басымдықтар қатарында: инфрақұрылым мен жылжымалы құрамды жаңғырту, технологиялық үдерістердің сақталуын бейнебақылауды енгізу, теміржол өткелдеріне бейнетіркеу жүйелерін орнату, мал жаппай жайылатын орындарда қоршаулар салу және нормативтік базаны жетілдіру бар.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ теміржол саласының тұрақты әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін кешенді шараларды іске асыруды жалғастыруда.

Поделиться:
Популярные новости
20 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

22 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

2 / 30.05.2026

Көкшетау локомотив депосында жұмысшылардың еңбек және демалыс жағдайлары жақсарды

Көкшетау станциясында локомотивтерге техникалық қызмет көрсету цехын, әкімшілі...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер