Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Теміржол қаһармандары — ҚТЖ-ның LED-экранында
142 / 28.07.2025 15:53

Теміржол қаһармандары — ҚТЖ-ның LED-экранында

Теміржолшылар күні қарсаңында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ әкімшілік ғимаратының LED-экранында «Арамыздағы қаһармандар» атты бейнеролик көрсетілді. Онда сын-қатерлі әрі штаттан тыс жағдайларда ерлік пен кәсібилік танытқан 30 теміржолшы туралы баяндалады. Бұл қызметкерлер тасымал үдерісіне елеулі салдар әкелуі мүмкін оқиғалардың алдын алып, жоғары кәсіби шеберлік, жауапкершілік және тәртіп үлгісін көрсетті.

Бейнероликте қызметкерлердің шынайы оқиғалары берілген: олар жедел әрекет етіп, білімі мен жанқиярлығының арқасында төтенше жағдайлардың, апаттар мен өрттердің, соқтығысулардың алдын алды, жолаушыларға алғашқы медициналық көмек көрсетті, ақауларды дер кезінде анықтады, су басу қаупін жойды, тіпті жол үстінде босануға жәрдемдесті. Олар нағыз қаһармандардың дәл өзіміздің арамызда, жұмыс орындарында жүретінін дәлелдеп, теміржол саласының үздіксіз жұмысын күн сайын қамтамасыз етіп келеді.

Олардың қатарында — Астана пайдалану вагон депосының вагондар ПТО бастығы Едіге Маханов, ол жүк вагонының арбашасынан жарық тауып, ықтимал рельстен шығудың алдын алды. Пресногорьковская станциясының вагондарды қараушы-жөндеушісі Николай Твердохлеб де осындай ақауды дер кезінде анықтады. Жамбыл бөлімшесінің электровоз машинисі Марат Абызов жол өткелінде жолаушылар пойызының трактормен соқтығысуына жол бермей, жедел әрі дұрыс шешім қабылдады. Отар станциясының сигналисі Батырхан Атамырза қозғалыс үстінде вагон ақауын байқап, пойызды шұғыл тоқтатуды қамтамасыз етті. Алматы бөлімшесінің машинист-нұсқаушысы Амангелді Чалабаев дөңгелек жұбының бандажындағы жарықты анықтап, рельстен шығуға жол берген жоқ. Маңғыстау бөлімшесінің тепловоз машинисі Иса Махамбетов қауіпсіздік талаптарының бұзылғанын көріп, вагондардың қозғалысын тоқтатты. Қызылорда бөлімшесінің станция паркі бойынша кезекшісі Жандос Жұмағазы цистернадан газдың ағуын анықтап, апатты жағдайдың алдын алды. Ақтөбе бөлімшесінің станция бойынша кезекшісі Асия Ильясова түтіндену туралы жедел хабарлап, ғимараттың тұтануына жол бермеді. Қостанай бөлімшесінің тепловоз машинисі Абай Ибраев шұғыл тежеу қолдану арқылы қауіпсіздік бұзылуының алдын алды. Ақтөбе белгі беру және байланыс дистанциясының электрмеханигі Сапарғали Құрбанов апатқа әкелуі мүмкін рельстің сынуын анықтады. Достық жол дистанциясының жол шебері Сейітжан Қасенов дөңгелек жұбының ақауын, ал Шымкент жол дистанциясының жол шебері Жақсыбек Шарипов бағыттама құрылғысының ақауын уақытылы тапты. Алтынкөл жол дистанциясының жол монтері Бахтияр Жомартов рельс плетінің сынуын анықтап, апаттың алдын алды. «Экспресс» филиалының жолаушылар вагонының жолсерігі Алтынай Ғафиуллина жолаушының босануына көмек көрсетті, ал сол филиалдың жолсерігі Қуатбек Дауылбаев тоғыз жастағы балаға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оның өмірін сақтап қалды.

Компания өз кәсібіне адал, күн сайын теміржол көлігінің қауіпсіз әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп, ерлік, жанқиярлық және кәсібіне берілгендік танытып жүрген қызметкерлерімен мақтанады.

Поделиться:
Популярные новости
24 / 06.11.2025

5 қарашада Алтынкөл халықаралық шекара өткелінде Темір жол ынтымақтастығы ұйымының (ТЖЫҰ) жүк экспорты жөніндегі жылдық жоспары мерзімінен бұрын орындалды

Ауыстырып тиеу көлемі 6,7 млн тоннадан асты, бұл жылдық көрсеткіштің 100% -на сәйкес келеді. Нәтижеге мерзімінен бұрын қол жеткізу экспорттық ...

39 / 04.11.2025

Қазақстан мен Қытай шекара маңы станцияларының ауысым қызметкерлерін бір-бірінің аумағында орналастыру туралы келісімге келді

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының шекаралық өткелдерінің жұмыс тиімділігін арттыру, сондай-ақ көрші аумақтарда жүктерді үзд...

110 / 30.10.2025

Шымкентте пайдалану локомотив деполары басшыларының оқуы басталды

Шымкент қаласында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің пайдалану локомотив деполары үшін өндіріс жөніндегі басшының орынбасарлары мен өндіріст...

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер