Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Қостанай өңірінде 12 мыңнан астам контейнер тиелді
193 / 24.07.2025 22:40

Қостанай өңірінде 12 мыңнан астам контейнер тиелді

Rail-news.kz хабарлауынша, 2025 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС филиалы – «Қостанай жүк тасымалы бөлімшесінде» контейнерлік тасымалдардың нәтижелері шығарылды.

2025 жылдың екінші тоқсанында 12 732 контейнер тиеліп, олар 6 535 фитингті платформаға орналастырылды. Жалпы көлемі 391,3 мың тоннаны құрады. 202 контейнерлік маршрут қалыптастырылды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда контейнерлердегі тиеу 4 520 контейнерге (55%) артты, бұл 2 260 контейнерлік вагонға (143,2 мың тоннаға) тең.

Тиелген жүктің негізгі түрлері:

  • Дәнді дақылдар — 438 контейнер, 236 фитингті платформа (13 мың тонна), 6 ұйымдастырылған маршрут;

  • Ұн тарту өнімдері — 8 842 контейнер, 4 500 фитингті платформа (274,2 мың тонна), 143 маршрут. 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ұн тарту өнімдерін тиеу 2 864 контейнерге (48%) өсті, бұл 1 390 платформаға және 93 мың тоннаға тең.

Жітіқара станциясында 1 098 контейнер асбестпен тиелді, 590 фитингті платформада (30,8 мың тонна). 15 ұйымдастырылған маршрут қалыптастырылды. 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тиеу көлемі 700 контейнерге (176%) артты — қосымша 356 платформа және 19,2 мың тонна.

Сонымен қатар, 2025 жылдың екінші тоқсанында Қостанай өңірі аумағынан 2 354 контейнер құрама жеммен тиелді, 1 209 фитингті платформада (73,3 мың тонна). 38 ұйымдастырылған маршрут жасалды. 2024 жылдың сәйкес кезеңінде құрама жем контейнерлерде жөнелтілмеген.

Поделиться:
Популярные новости
22 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

23 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

7 / 30.05.2026

Көкшетау локомотив депосында жұмысшылардың еңбек және демалыс жағдайлары жақсарды

Көкшетау станциясында локомотивтерге техникалық қызмет көрсету цехын, әкімшілі...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер