Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Вагондарды қараушы-жөндеушілердің үздіктері Қарағанды-Сұрыптау станциясында анықталды
196 / 18.07.2025 15:31

Вагондарды қараушы-жөндеушілердің үздіктері Қарағанды-Сұрыптау станциясында анықталды

Rail-news.kz хабарлауынша, Қарағанды-Сұрыптау станциясында вагондарды қараушы-жөндеушілер арасында «Жас үздік маман-2025» кәсіби шеберлік байқауы өтті.

Байқауға техникалық қарап-тексеру пункттерінің (ТҚП) Солтүстік тармағы мен Жаңаарқа өкілдері, сондай-ақ Қызылжар, Шұбаркөл, Коскөл, Қаражал, Жарық және Жезқазған станцияларының қызметкерлері қатысты.

Іс-шараны Қарағанды пайдалану вагон депосының әкімшілігі «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС филиалы – «Қарағанды бөлімшесі» цехтік кәсіподағы комитетімен бірлесіп ұйымдастырды. Байқау компанияда жарияланған Жұмысшы кәсіптер жылы аясында өтті.

Қарағанды пайдалану вагон депосы (ВЧД-13) цех комитетінің төрайымы Сымбат Медеуованың айтуынша, байқаудың мақсаты – қараушы-жөндеуші мамандығының беделін арттырып, қызметкерлерді кәсіби өсуге ынталандыру. «Қызметкерлер тәжірибе алмасып, жаңа білім алып, әріптестерінің жетістіктерінен шабыт алуы маңызды», – деді ол.

Байқауға 20 қараушы қатысты. Сайыс екі кезеңнен тұрды: теориялық және практикалық. Алдымен қатысушылар бес салалық сұраққа жауап берсе, кейін шектеулі уақыт ішінде вагондағы 15 техникалық ақауды анықтауы керек болды. Қазылар алқасы сондай-ақ жұмысшының сырт келбетін, арнайы киімі мен құрал-саймандарының болуын және өндірістік тәртіпті сақтауын бағалады.

Нәтижелер

  • 1-орынЕрік Аралбаев (ТҚП «Оңтүстік») және Марғұлан Айтпеков (Жарық станциясының ТҚП)

  • 2-орынСерік Зәлімбаев (Қарабас станциясының ТҚП) және Мейіржан Құдайбергенов (Қызылжар станциясының ТҚП)

  • 3-орынАманжол Дәуырханов (Қарабас станциясының ТҚП) және Бақытжан Сұлтан (Коскөл станциясының ТҚП)

Байқау дені сау бәсекелестік ахуалында өтіп, вагон депосы қызметкерлері үшін тәжірибе алмасудың, командалық рухты нығайтудың және кәсіби дамудың нағыз алаңына айналды.

Поделиться:
Популярные новости
19 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

20 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

68 / 19.05.2026

11 пайдалану локомотив депосы жаңа техника алды

2026 жылдың басынан бастап ҚТЖ локомотив паркі 72 Жаңа тарту техникасымен толықтыр�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер