Пресс-релиз
**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еураз�...
Илецк станциясындағы вагондарды техникалық қарап-тексеру пунктінің базасында теміржолшылар «Үздік вагон қараушы» байқауын өткізді, оның құрметті қонақтары кәсіпорын ардагерлері болды.
Шараны ашқан «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «Илецк» филиалының директоры Даут Ниязбаев құттықтау сөз сөйлеп, қызметкерлердің білімін тексеріп, біліктілігін арттыруға бағытталған кәсіби шеберлік байқауларының маңыздылығын атап өтті.
Салтанатты бөлім барысында Илецк ПТО-ның 53 қызметкеріне «Компанияға адалдығы үшін» төсбелгілері табысталды. Олардың ішінде 30 жылдан астам еңбек еткен 8 адам, 20 жылдан астам еңбек өтілі бар 19 адам және 10 жылдан астам еңбек еткен 26 қызметкер бар.
Ұйымдастыру бөлігі аяқталған соң, кәсіпорын зейнеткерлері Илецк ПТО-ның учаскелері мен жұмыс орындарын аралап көріп, дәстүрлі шай ішу рәсіміне қатысты. Ардагерлер тынығып жатқанда оқу сыныбы мен оқу полигонында «Үздік вагон қараушы» байқауының кезеңдері басталды. Байқауға Илецк ПТО ауысымдарының, сондай-ақ Ақбұлақ, Цвилинга және Шашқан станцияларындағы бақылау посттарының 15 вагон қараушы-жөндеушісі қатысты.
Байқау теориялық және практикалық екі бөлімнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушыларға 20 минут ішінде вагон бөлшектері мен тораптарына қойылатын талаптар бойынша тест сұрақтарына жауап беріп, теміржол тақырыбындағы суретті ребусты шешу тапсырылды. Екінші кезеңде оқу полигонында автотіркеме механизмін жылдамдыққа бөлшектеп-жинау және 873 Холодов үлгісін қолдануды көрсету қажет болды. Үшінші кезеңде ағымдағы ағытып жөндеу (АЖ) пунктінде жүк вагондарын қарап, ақауларды анықтау бойынша жылдамдық пен дәлдік сыналды.
Нәтижесінде бірінші орынды және «Үздік вагон қараушы» атағын Дмитрий Осин жеңіп алды, екінші орын – Еламан Азяев, үшінші орын – Руслан Қабиев. «Үздік теориялық білім» аталымында Орынбасар Байчеркесов, «Автотіркеме жабдығы бойынша үздік білім» аталымында Марат Шабарбаев, «Үздік практикалық дағды» аталымында Қайрат Досқожаев марапатталды. Барлық жеңімпаздар мен аталым иегерлеріне грамоталар мен сыйлықтар табыс етілді.
Көкшетау станциясында локомотивтерге техникалық қызмет көрсету цехын, әкімшілі...