Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат д...
2025 жылғы 9–11 шілде аралығында Ақтөбе қаласында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС филиалдары мен Орталық аппаратының қызметкерлері «Менеджмент жүйелеріндегі тәуекелдерді басқару: принциптер мен практикалық тәсілдер. ISO 19011:2018 талаптарына сәйкес ішкі аудиторларды даярлау» тақырыбында оқудан өтті.
Семинар барысында төмендегі тақырыптар қарастырылды:
менеджмент жүйелеріндегі тәуекелге бағдарланған тәсілдің негіздері;
ISO 9001:2015, ISO 14001:2015, ISO 45001:2018 және басқа стандарттардың талаптары;
ISO 31010 бойынша тәуекелдерді бағалау әдістері;
ішкі аудиттің тәжірибелік қырлары;
менеджмент жүйелерін аудиттеуге және ISO 19011:2018 қолдануға арналған нұсқаулық.
Оқу қорытындысында нақты өндіріс мысалында ішкі аудитті қорғау жүргізілді.
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...