Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
ҚТЖ мен Қытай темір жолдары стратегиялық ынтымақтастық туралы жаңа келісімге қол қойды
204 / 09.07.2025 23:55

ҚТЖ мен Қытай темір жолдары стратегиялық ынтымақтастық туралы жаңа келісімге қол қойды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытаймен көлік-логистикалық байланыстарды нығайту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ (ҚТЖ) мен «Қытай темір жолдары» мемлекеттік корпорациясы (China State Railway Group, КЖД) жан-жақты стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Құжатқа ҚТЖ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов пен КЖД директорлар кеңесінің төрағасы Го Чжусюе мырзаның ресми кездесуінде қол қойылды.

Жаңа келісім 2014 жылғы құжаттың орнын басып, екі елдің қазіргі көлік саласындағы басымдықтарын қамтиды:

  • Қазақстан, Қытай және өзге елдер аумағынан өтетін халықаралық көлік дәліздерін дамыту;

  • Қытай – Еуропа бағытындағы және кері бағыттағы жүк ағынын ұлғайту үшін Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту;

  • Өткізу қабілетін арттыруға арналған инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру;

  • Контейнерлік тасымалдар бойынша ынтымақтастықты күшейту;

  • Маршруттарды, кестелерді және операцияларды үйлестіру арқылы тасымал тиімділігін арттыру;

  • Икемді әрі бәсекеге қабілетті тарифтік саясат қалыптастыруға ықпал ету;

  • Шекарааралық тасымалдарды жеңілдету үшін нормативтік-құқықтық базаны үйлестіру;

  • Қауіпсіздік пен автоматтандыруды арттыру мақсатында цифрлық технологиялар мен стандарттарды енгізу және басқа да бастамалар.

Қытаймен көлік-логистикалық байланыстарды тереңдету Қытай – Еуропа бағыты бойынша тасымалдарға жаңа серпін беріп, Транскаспий бағытының тартымдылығын арттыра түседі. Бұл Қазақстанның Еуразия кеңістігіндегі аса маңызды транзиттік хаб ретіндегі стратегиялық рөлін күшейтеді.

Поделиться:
Популярные новости
20 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

22 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

1 / 30.05.2026

Көкшетау локомотив депосында жұмысшылардың еңбек және демалыс жағдайлары жақсарды

Көкшетау станциясында локомотивтерге техникалық қызмет көрсету цехын, әкімшілі...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер