Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Жедел деректер бойынша 2025 жылдың 6 айында 150,1 млн тонна жүк тасымалданған, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4% артық
220 / 02.07.2025 14:38

Жедел деректер бойынша 2025 жылдың 6 айында 150,1 млн тонна жүк тасымалданған, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4% артық

Экспорттық тасымалдар тұрақты өсім көрсетуде — экспорт көлемі 9% артты. Атап айтқанда, астық экспорты — 65%, құрылыс жүктері — 37%, өсімдік майы — 27%, тыңайтқыштар — 16%, көмір — 14%, мұнай —9% және құрама жем көлемінің 4,7 есеге өсуі тіркелді.

Экспорттың ең үлкен өсімін көрсеткен негізгі жүк жөнелтушілердің арасында: ERG компаниялар тобы (+8%), «Богатырь Көмір» ЖШС (+19%), «Qarmet» АҚ (+12%),«Қазсфосфат» ЖШС (+31%), «Казцинк» ЖШС (+23%), «Сарыарқа ENERGY» ЖШС (+83%), «Шұбаркөл Премиум» АҚ (өсім 3 есе), «Қаражыра» АҚ (+38%).

Ағымдағы жылдың маусым айында «Шұбаркөл Көмір» АҚ экспортқа көмірді тиеудің жаңа рекорды — 841 мың тонна белгіленді, бұл 2025 жылдың орташа айлық көрсеткішінен 26% артық. Рекордқа теміржолшылар мен тасымалдау процесіне қатысушылардың үйлесімді жұмысының арқасында қол жеткізілді.

Поделиться:
Популярные новости
13 / 11.09.2026

Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...

451 / 10.08.2026

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру талқыланды

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер