Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС қызметкерлері ТЭ36А сериялы жаңа тепловоздар бойынша Қытай Халық Республикасында оқудан өтті
154 / 02.07.2025 14:34

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС қызметкерлері ТЭ36А сериялы жаңа тепловоздар бойынша Қытай Халық Республикасында оқудан өтті

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС пен CRRC Dalian Co., Ltd. арасындағы ТЭ36А жаңа сериядағы магистральді тепловоздарды жеткізу жөніндегі шартты іске асыру шеңберінде Семей, Аягөз, Өскемен, Ақтоғай, Балқаш, Матай және Алматы пайдалану локомотив деполарының машинист-нұсқаушылары мен инженерлік-техникалық қызметкерлері Қытай Халық Республикасының Далянь қаласында арнайы оқудан өтті.

Оқу зауыт-өндіруші есебінен ұйымдастырылып, ТЭ36А сериялы тепловоздардың конструкциялық ерекшеліктерін, пайдалану ережелерін және техникалық қызмет көрсету тәртібін қамтыды. Оқу тобына кірген 12 маман курсты аяқтағаннан кейін өз біліктілігін және компания ішінде кейінгі оқыту жүргізу құқығын растайтын сертификаттарға ие болды.

Бүгінде аталған мамандар өз деполарының персоналына техникалық сабақтар өткізіп, жаңа жылжымалы құраммен жұмыс істеу үшін кадрларды уақтылы әрі сапалы даярлауды қамтамасыз етуде.

ТЭ36А сериялы 100 сертификатталған тепловозды жеткізу жүк теміржол тасымалдарының тиімділігін едәуір арттырып, өндірістік үдерістерге заманауи технологиялық шешімдерді енгізуге мүмкіндік береді.

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС қызметкерлерін оқыту мен біліктілігін арттыру бойынша жүйелі жұмысын жалғастырып, алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибелер мен әлемдік теміржол техникасы өндірушілерімен стратегиялық серіктестікке басымдық беруді көздейді.

Поделиться:
Популярные новости
7 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

10 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

52 / 19.05.2026

11 пайдалану локомотив депосы жаңа техника алды

2026 жылдың басынан бастап ҚТЖ локомотив паркі 72 Жаңа тарту техникасымен толықтыр�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер