Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат д...
2025 жылдың қаңтар–мамыр айларында «ҚТЖ» желісі бойынша жүк тасымалының көлемі 107 млн тоннаға жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,4 %-ға артты.
Бұл көлемнің 68,7 млн тоннасы ел ішінде тасымалданды. Экспорттық тасымал 38 млн тоннаны құрап, 2024 жылдың қаңтар–мамырымен салыстырғанда 11,4 %-ға өсті.
Бес айда 41,6 млн тонна тас көмір жеткізілді (өсім – 2,4 %). Оның ішінде ішкі нарыққа 29,3 млн тонна бағытталса, экспорт 18,9 %-ға ұлғайып, 12,2 млн тоннаны құрады.
Астық тасымалы айтарлықтай өсім көрсетті: көлемі 5,7 млн тоннаға жетіп, былтырғы деңгейден 54 %-ға жоғары. Экспорт 62 %-ға артып, 4,5 млн тоннаны құрады.
Басқа бағыттар бойынша да өсім байқалады:
мұнай жүктері – 6,4 % (8,3 млн т),
қара металл – 11,9 % (2 млн т),
химиялық тыңайтқыштар – 22,3 % (2 млн т),
құрылыс материалдары – 8,5 % (6 млн т).
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...