Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Қазақстанға алғашқы экологиялық тепловоздар жеткізілді
186 / 11.06.2025 18:57

Қазақстанға алғашқы экологиялық тепловоздар жеткізілді

Алматы станциясында КТЖ-мен (Қазақстан темір жолы) ынтымақтастық аясында қытайлық CRRC Ziyang компаниясы әзірлеген CKD6H сериясындағы ТМД кеңістігіндегі тұңғыш гибридті маневрлік тепловоздардың салтанатты қабылдау рәсімі өтті.

CKD6H — CRRC-тің экологиялық таза көлік платформасы негізінде жасалып, Орталық Азияның қатал климатына бейімделген. Дизель қозғалтқышы мен қуатты тартқыш аккумуляторы бар гибридті күш қондырғысы сандық технологиялармен және энергия тұтынуды интеллектуалды басқару жүйесімен ұштасады.

Дәстүрлі тепловоздармен салыстырғанда жаңа локомотив жанармай шығынын 45 %-дан астамға, шу деңгейін 80 %-ға, ал зиянды заттардың шығарындыларын 83 %-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Жаңашыл локомотивтер 540 кВт·сағ дизель қозғалтқышымен және кемінде 900 кВт·сағ сыйымдылығы бар аккумулятор батареясымен жабдықталған. Тартқыш аккумуляторды дизель қозғалтқышы арқылы да, сыртқы заряд бекеттері арқылы да қуаттауға болады.

CKD6H локомотиві небәрі 14 айдың ішінде жобаланып, шығарылып, сынақтан өтті. CKD6H — Қазақстандағы теміржол көлігінің «жасыл» болашағына арналған маңызды қадам.

Поделиться:
Популярные новости
13 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

15 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

64 / 19.05.2026

11 пайдалану локомотив депосы жаңа техника алды

2026 жылдың басынан бастап ҚТЖ локомотив паркі 72 Жаңа тарту техникасымен толықтыр�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер