Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол тасымалы өсуін жалғастыруда
78 / 28.05.2025 18:04

Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол тасымалы өсуін жалғастыруда

2025 жылдың қаңтар — сәуір айларында Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол тасымалының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13% ұлғайып, 11,4 млн тоннаға жетті. Достық шекаралық өткелі арқылы 6,2 млн тонна (өсім 5%), Алтынкөл арқылы – 5,2 млн тонна тасымалданды, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 24% артық.

Соңғы бес жылда елдер арасында тасымалданған жүктердің көлемі 48% өсіп, 32 млн тоннаға жетті. 2020 жылдан бастап экспорт 13,7 млн тоннаны (өсім 25%) құрады, бұл ретте астық экспорты екі еседен астамға — 700 мың тоннадан 1,8 млн тоннаға дейін ұлғайды. 2024 жылы 3,3 млн тоннадан астам астық жүктері, оның ішінде 1,8 млн тонна астық және 1,5 млн тонна қайта өңдеу өнімдері экспортталды, оның 600 мың тоннасы ұн және басқа да ұнтақтау өнімдері (2023 жылға қарай+30%), ал 900 мың тонна — құрама жем (өсім 2023 жылмен салыстырғанда 5 есе 2023 жыл).

«ҚТЖ «ҰК» АҚ теміржол желісінің өткізу қабілетін арттыру үшін ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды белсенді іске асыруда. 2024 жылы 1,4 мың шақырымнан астам жол жөнделіп, Достық – Мойынты, Дарбаза – Мақтаарал және Алматы станциясын айналып өтуді қоса алғанда, 1 мың шақырымнан астам жаңа жолдардың құрылысы жалғасуда. Транскаспий халықаралық көлік бағдарын (ТХКБ) дамытуға ерекше назар аударылады. 2024 жылы Сиань қаласының Құрғақ портында қазақстан-қытай терминалы іске қосылды, соның арқасында ТХКБ бойынша транзит көлемі 30 есеге өсті.

ҚТЖ сонымен қатар Қытаймен шекарада инфрақұрылымды кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде. Үшінші шекаралық өткелдің құрылысы жүргізілуде, ол қолданыстағы өткелдердің жүктемесін түсіруге мүмкіндік береді және тасымалдау көлемінің тұрақты өсуін қамтамасыз етеді.

Поделиться:
Популярные новости
80 / 18.06.2025

Қытай мен Қазақстан арасындағы тасымал көлемі өсе түсуде

2025 жылдың алғашқы бес айында Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан арасындағы теміржол тасымалдарының көлемі 14,2 миллион тоннаға жетіп, өтке...

27 / 17.06.2025

Құрметті әріптестер!

Сіздердің назарларыңызға «ГалстукOFF» жобасының кезекті шығарылымын ұсынамыз. Бұл жолғы қонақ — локомотив шаруашылығы саласының бас маманы Асан ...

19 / 17.06.2025

ВЧД-13-те екі тәжірибелі маманды зейнетке шығарып салды

Қарағанды пайдалану вагон депосының (ВЧД-13) ұжымы Жезқазған станциясының ПТО бастығы Нұрқайдар Жапабаев пен Қарабас станциясының ұстасы Павел Г...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер