Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда
Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" ко�...
Комиссиялық тексеріс барысында кәсіпорын басшылары мен станция бастықтары нысандардың қыстан қалай шыққанын бағалап, жазғы маусымға және келесі қысқа дайындық аясында жүзеге асырылуы тиіс бірқатар шараларды анықтап, жоспарлады.
Көктемгі комиссиялық тексеру барысында өңірдің барлық 69 станциясы, екі негізгі және үш айналымдағы локомотив депосы, үш қалпына келтіру, төрт өртке қарсы пойыз, сондай-ақ 30-ға жуық кәсіпорын тексерілді.
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС – «Қостанай ЖТ бөлімшесі» филиалының директоры Айбек Қазымовтың айтуынша, көктемгі тексеріс барысында комиссия мүшелері барлық құрылымдық бөлімшелерді мұқият тексеріп шықты. Инфрақұрылымның, жылжымалы құрамның, өндірістік-техникалық нысандардың, техникалық құралдар мен құрылыстардың, ғимараттар мен кірме жолдардың жағдайы бағаланды. Сонымен қатар қозғалыс қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі мен өртке қарсы құралдардың жай-күйі тексерілді.
«Бұл жұмыстар жұмыс орындарындағы еңбек қауіпсіздігін үнемі жақсартуға, өндірістік жарақаттар мен аурулардың алдын алуға бағытталған, – дейді Айбек Қазымов. – Бұдан бөлек, алдағы жазғы маусымда локомотив паркінің пайдалану дайындығын бағалау да маңызды міндеттердің бірі. Көктемгі тексеріс барысында кәсіпорындар мен станция басшылары заманауи ақпараттық және логистикалық технологияларды қолдану, бизнес-процестерді автоматтандыру, жастар және кадр саясатын жүзеге асыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлді».
Оның айтуынша, өңір кәсіпорындары өткен қысты сәтті өткерді, бұл қыстың алдында жүргізілген дайындық жұмыстарының нәтижесі.
Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...