Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Аяқталған көктемгі комиссиялық тексеру Қостанай өңірінде қорытындыланды
333 / 23.05.2025 18:18

Аяқталған көктемгі комиссиялық тексеру Қостанай өңірінде қорытындыланды

Комиссиялық тексеріс барысында кәсіпорын басшылары мен станция бастықтары нысандардың қыстан қалай шыққанын бағалап, жазғы маусымға және келесі қысқа дайындық аясында жүзеге асырылуы тиіс бірқатар шараларды анықтап, жоспарлады.

Көктемгі комиссиялық тексеру барысында өңірдің барлық 69 станциясы, екі негізгі және үш айналымдағы локомотив депосы, үш қалпына келтіру, төрт өртке қарсы пойыз, сондай-ақ  30-ға жуық кәсіпорын тексерілді.

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС – «Қостанай ЖТ бөлімшесі» филиалының директоры Айбек Қазымовтың айтуынша, көктемгі тексеріс барысында комиссия мүшелері барлық құрылымдық бөлімшелерді мұқият тексеріп шықты. Инфрақұрылымның, жылжымалы құрамның, өндірістік-техникалық нысандардың, техникалық құралдар мен құрылыстардың, ғимараттар мен кірме жолдардың жағдайы бағаланды. Сонымен қатар қозғалыс қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі мен өртке қарсы құралдардың жай-күйі тексерілді.

«Бұл жұмыстар жұмыс орындарындағы еңбек қауіпсіздігін үнемі жақсартуға, өндірістік жарақаттар мен аурулардың алдын алуға бағытталған, – дейді Айбек Қазымов. – Бұдан бөлек, алдағы жазғы маусымда локомотив паркінің пайдалану дайындығын бағалау да маңызды міндеттердің бірі. Көктемгі тексеріс барысында кәсіпорындар мен станция басшылары заманауи ақпараттық және логистикалық технологияларды қолдану, бизнес-процестерді автоматтандыру, жастар және кадр саясатын жүзеге асыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлді».

Оның айтуынша, өңір кәсіпорындары өткен қысты сәтті өткерді, бұл қыстың алдында жүргізілген дайындық жұмыстарының нәтижесі.

Поделиться:
Популярные новости
11 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

13 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

53 / 19.05.2026

11 пайдалану локомотив депосы жаңа техника алды

2026 жылдың басынан бастап ҚТЖ локомотив паркі 72 Жаңа тарту техникасымен толықтыр�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер