Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
ҚТЖ 36 өндірістік нысанды жөндеуден өткізеді
112 / 20.05.2025 16:43

ҚТЖ 36 өндірістік нысанды жөндеуден өткізеді

2025 жылы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС өз қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында 36 өндірістік нысанды ағымдағы жөндеуден өткізуді жоспарлап отыр.

Жөндеу Жаңаесіл, Бурабай және Құсмұрын станцияларындағы маневрлік мұнаралардың, Жаңаесіл станциясының маневрлік дөңесінің, Жаңаауыл станциясындағы сигнал берушілер мен құрастырушылар бекеттерінің, Мойынты станциясындағы техкеңсенің, Жарма станциясындағы қызметтік-техникалық ғимараттың, сондай-ақ Арал теңізі және Махамбет станцияларындағы тауарлық кеңселердің, Ганюшкино мен Жаңаауыл станцияларындағы әкімшілік ғимараттардың  және басқа да нысандарда жүргізілетін болады.

Алты нысанда жылыту және су құбыры жүйелерін ағымдағы жөндеу жоспарланған. Атап айтқанда, жұмыстар Железорудная станциясының тауар кеңсесі ғимаратында, Майлин станциясының әкімшілік-тұрмыстық ғимаратында, Ақжайық станциясының әкімшілік ғимаратында жүргізілетін болады, сондай-ақ Мақат станциясының бекеті ғимаратының су құбыры желісін жөндеу жоспарланған.

2024 жылы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалдарында 49 ғимаратқа ағымдағы жөндеу жүргізілді. Барлық жұмыстар уақытылы және сапалы орындалды. Ғимараттардың қасбеттері жаңартылды, шатыр жабындары ауыстырылды, жылыту, сумен жабдықтау және электрмен жабдықтау жүйелерін қоса алғанда, ішкі үй-жайлар жөнделді. Энергия тиімділігіне ерекше назар аударылды: заманауи жылу оқшаулағыш материалдар мен энергия үнемдейтін терезелер орнатылды, бұл ғимараттарды пайдалану шығындарын азайтады. Бұл шаралар нысандардың сыртқы түрін жақсартып қана қоймай, қызметкерлердің жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасады, сонымен қатар теміржол инфрақұрылымының қауіпсіздігі мен сенімділігін арттырды. 

Поделиться:
Популярные новости
80 / 18.06.2025

Қытай мен Қазақстан арасындағы тасымал көлемі өсе түсуде

2025 жылдың алғашқы бес айында Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан арасындағы теміржол тасымалдарының көлемі 14,2 миллион тоннаға жетіп, өтке...

27 / 17.06.2025

Құрметті әріптестер!

Сіздердің назарларыңызға «ГалстукOFF» жобасының кезекті шығарылымын ұсынамыз. Бұл жолғы қонақ — локомотив шаруашылығы саласының бас маманы Асан ...

19 / 17.06.2025

ВЧД-13-те екі тәжірибелі маманды зейнетке шығарып салды

Қарағанды пайдалану вагон депосының (ВЧД-13) ұжымы Жезқазған станциясының ПТО бастығы Нұрқайдар Жапабаев пен Қарабас станциясының ұстасы Павел Г...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер