Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Теміржолшылар климаттық өзгерістер жағдайындағы еңбек қауіпсіздігі мәселелерін талқылады
375 / 19.05.2025 18:32

Теміржолшылар климаттық өзгерістер жағдайындағы еңбек қауіпсіздігі мәселелерін талқылады

Өскеменде «ҚТЖ-Жүк тасымалы»  ЖШС қызметкерлерінің еңбегін қорғау және қауіпсіздігі бойынша республикалық семинар өтті.

Биылғы семинардың басты тақырыбы климаттың өзгеруінің еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына әсері болды.

ҚТЖ-ның барлық филиалдары мен бөлімшелерінде тақырыптық семинарлар мен дөңгелек үстелдер өтті. Оларға мемлекеттік еңбек инспекциясының, кәсіподақтардың өкілдері мен жұмыс берушілер қатысты. Қатысушылар жұмыс орнында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, алдын алу шараларын күшейту және еңбекті қорғау мәдениетін дамыту мәселелерін талқылады.

Дәстүр бойынша іс-шаралар аясында конкурстар өткізіліп, қызметкерлердің хабардарлығын арттыруға бағытталған ақпараттық плакаттар мен басқа да көрнекі үгіт құралдары дайындалды.

Локомотив деполарында қызметкерлердің психологиялық әл-ауқатын сақтауға бағытталған психологтармен және стресс басқару мамандарымен консультациялар ұйымдастырылған.

Компанияның басты мақсаты — жарақаттану деңгейін нөлге жеткізу. Бұл мақсатқа жетудің негізгі жолы — тиімді алдын алу шаралары мен еңбекті қорғау талаптарын қатаң сақтау. Әрбір қызметкерден қауіпсіздік ережелерін бұлжытпай орындау және кез келген бұзушылыққа төзбеушілік талап етіледі.

Компанияда «Қауіпсіздік жөніндегі мінез-құлық диалогтары», «Қауіпті тоқтат!» және «Салдары жоқ оқиғалар» бағдарламалары жүзеге асырылуда. Нөлдік жарақаттану саясаты аясында әр қызметкердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда жұмыстан бас тарту құқығы бар.

Поделиться:
Популярные новости
11 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

14 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

63 / 19.05.2026

11 пайдалану локомотив депосы жаңа техника алды

2026 жылдың басынан бастап ҚТЖ локомотив паркі 72 Жаңа тарту техникасымен толықтыр�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер