Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Бірыңғай транзиттік тариф туралы Шартты жаңарту мәселелері сарапшылар талқылауында
224 / 16.05.2025 18:30

Бірыңғай транзиттік тариф туралы Шартты жаңарту мәселелері сарапшылар талқылауында

Алматыда бірыңғай транзиттік тариф (БТТ) туралы шартқа қатысушылардың кеңесі өтті, онда оны өзектендіру және жетілдіру бойынша ұсыныстар қаралды.

Кеңес ТЖЫҰ жүк тасымалы жөніндегі Комиссиясының басшысы, Қазақстан көлік министрлігінің өкілі Зубайда Аспаеваның төрағалығымен өтті. Қатысушыларға «ҚТЖ-Жүк тасымалы»  ЖШС Бас директорының Маркетинг және жоспарлау жөніндегі орынбасары Саламат Әбжалиев құттықтау сөз сөйледі. Ол еуразиялық кеңістікте теміржол жүк тасымалдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және теміржол көлігінің әлеуетін тиімді пайдалануға бағытталған мәселелерді талқылаудың маңыздылығын атап өтті.

Кеңес барысында ТЖЫҰ темір жолдарының бас директорлары (жауапты өкілдері) конференциясының XXXVIII отырысының қорытындылары, БТТ бойынша алдыңғы кеңестердің шешімдерін орындау барысы, Шарттың мәтініне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар, бірыңғай транзиттік тарифті өзектендіру қаралды.

Кездесу қатысушылары  халықаралық теміржол қатынасын дамытуға ықпал ететін шешімдер қабылдауда ТЖЫҰ-ның үйлестіруші рөліне ерекше назар аударды.

Поделиться:
Популярные новости
11 / 16.07.2026

ПРЕСС-РЕЛИЗ

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының не�...

283 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

66 / 04.06.2026

Пресс-релиз

2026 жылғы 4 маусым Астана қ. ҚТЖ ТЭ33А тепловоздар паркінің 92%-дан астамын Trip Optimizer ж�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер