ПРЕСС-РЕЛИЗ
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де Қазақстан Респу...
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС – «Ақтөбе ЖТ бөлімшесі» филиалдарында нөлдік жарақаттану қағидатын мүлтіксіз ұстанады және Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аясында жұмыс орнында жарақат алған қызметкерлердің үйлеріне барып, хал-жағдайларын білді, сондай-ақ батыс өңірінің мамандары арасында «Қауіпсіз еңбек – әркімнің міндеті» атты байқау өткізді.
Іс-шара ұйымдастырушысы – Орал станциясының еңбек қорғау жөніндегі инженері Гүлдана Танат, оған кәсіподақ комитеті, ұйымдастырушы-нұсқаушы Бекзат Гилманов және «Локомотив» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің спорт нұсқаушысы Болат Карлыбаев қолдау көрсетті. Байқау қазылар алқасының құрамында – Орал торабындағы кәсіподақ комитетінің төрағасы Еділ Алыпсоқов және Актөбе бөлімшесінің өндірістік қауіпсіздік пен экология тобының жетекшісі, Батыс өңірі бойынша жауапты Болат Есенгазиев болды.
Сценарийге сәйкес, байқауға қатысушылар екі командаға бөлінді – «ИС ПБ» және «Еңбек сақшылары», олар өздерінің «визит карточкаларын» таныстырды. Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. «Өрт қауіпсіздігі» атты викторина-сергіту жаттығуы командаларға жақсы серпін беріп, «Электр қауіпсіздігі» кезеңіне дайын болуға мүмкіндік берді. «Ең жылдам» блиц-тур да жоғары қарқынмен өтті. «Жеке қорғану құралдары» кезеңінде қатысушылар ЖҚҚ мен арнайы киімдердің маусым бойынша қандай түрлері бар екенін атаулары керек болды.
«Санитарлық пункт» кезеңінде командалар билет бойынша сұрақтарға жауап беріп, сүйек сыну, есінен тану, ток соғу, күйік, жылан шағу және үсу жағдайында алғашқы көмек көрсету туралы айтып қана қоймай, оны тәжірибе жүзінде көрсетіп, байқау ұйымдастырушылары дайындаған қажетті құралдарды дұрыс таңдап қолданулары тиіс болды. Байқау «Дұрыс жауаптарды таңда және әрекет ету кезегін белгіле» атты кезеңмен аяқталды. Бұл тапсырмада жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзған қызметкердің жағдайы сипатталып, оған көмек көрсетудің дұрыс ретін анықтау талап етілді.
Қазылар алқасы қорытынды шығарған уақытта, дартс ойыны бойынша жарыс өтті және жүлдегерлер анықталды. Байқау жеңімпазы және «Еңбек қорғау саласының үздік білгірі» атағына бір ұпай артықпен «ИС ПБ» командасы ие болды.
Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...
2026 жылғы 4 маусым Астана қ. ҚТЖ ТЭ33А тепловоздар паркінің 92%-дан астамын Trip Optimizer ж�...