Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан теміржолшылары жүк тасымалдау көлемін ұлғайтуды талқылады
268 / 12.05.2025 11:36

Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан теміржолшылары жүк тасымалдау көлемін ұлғайтуды талқылады

Қазақстанда Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан теміржол әкімшіліктері өкілдерінің үшжақты жұмыс кездесуі өтті, онда жүк тасымалдау көлемін ұлғайту және Оазис (Тәжікстан) және Сарыағаш (Өзбекстан) мемлекетаралық түйісу пункттеріндегі (МАТП) процестерді оңтайландыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Іс – шараға "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС Бас директорының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары Ербол Түсіпов, «Узбекистан темир йуллари» АҚ тасымалдауды ұйымдастыру департаментінің бастығы Абдували Кодиров және "Рохи охани Точикистон" МУК тасымалдау қызметінің бастығы Раджабмурад Одинаев бастаған делегациялар қатысты.  

Тараптар 2024 жылғы тасымалдау қызметінің оң нәтижелерін атап өтті, атап айтқанда Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жүк тасымалдау көлемі 11,5 млн тоннаны құрады.  

 Сарыағаш МАТП арқылы пойыздардың орташа тәуліктік берілуі 2025 жылдың алғашқы төрт айында 26 құрамды құрады. Сондай-ақ, ҚХР-Орталық Азия бағытындағы контейнерлік тасымалдар үлесінің өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104% ұлғаюы байқалды, бұл 144 контейнерлік пойызға тең.  

Кеңесте жүктерді уақтылы қабылдау мен әкетуді қамтамасыз ету, контейнерлік тасымалдар үлесін ұлғайту қажеттілігіне баса назар аударылды.  

Келіссөздер достық рәуіште және сындарлы жағдайда өтті, кездесу қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылды.  

Поделиться:
Популярные новости
11 / 16.07.2026

ПРЕСС-РЕЛИЗ

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының не�...

280 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

66 / 04.06.2026

Пресс-релиз

2026 жылғы 4 маусым Астана қ. ҚТЖ ТЭ33А тепловоздар паркінің 92%-дан астамын Trip Optimizer ж�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер