Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – «Сәкен Сейфуллин атындағы санаторий-профилакторий» филиалының директоры Утемуратова Майя Мажитовнаны мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!
294 / 12.05.2025 11:34

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – «Сәкен Сейфуллин атындағы санаторий-профилакторий» филиалының директоры Утемуратова Майя Мажитовнаны мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!

Майя Мажитовна денсаулық сақтау саласында 20 жылдан астам уақыт бойы абыройлы еңбек етіп келеді. Ол өзінің кәсіби жолын 1993 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтағаннан кейін бастаған. Жоғары біліктілігі, мақсаткерлігі және тынымсыз еңбегінің арқасында дәрігер-интерннен бастап ірі филиалдың басшысы дәрежесіне дейін өсті.

«ҚТЖ» ұлттық компаниясы» АҚ жүйесінде қызмет атқару барысында Майя Мажитовна өзін тәжірибелі әрі жауапкершілігі жоғары, ұжымшыл басшы ретінде көрсетті. Ол өз ұжымын біріктіре отырып, санаторлық-курорттық көмектің сапасын жоғарылатуға зор үлес қосып келеді. Оның басшылығымен филиал тұрақты түрде жоғары нәтижелер көрсетіп жүр.

Теміржол саласы қызметкерлерінің денсаулығын сақтау ісіне қосқан елеулі үлесі үшін ол бірнеше мәрте марапатталған, олардың қатарында «Қазақстан темір жолына – 100 жыл» және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның 25 жылдығына арналған мерейтойлық медальдар бар.

Құрметті Майя Мажитовна!

Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Әр күніңіз шаттық пен шабытқа толы болып, жаңа табыстарға жетелей берсін! Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, еңбекте жемісті жетістіктер тілейміз!

Ізгі құрметпен, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұжымы

Поделиться:
Популярные новости
11 / 16.07.2026

ПРЕСС-РЕЛИЗ

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының не�...

280 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

66 / 04.06.2026

Пресс-релиз

2026 жылғы 4 маусым Астана қ. ҚТЖ ТЭ33А тепловоздар паркінің 92%-дан астамын Trip Optimizer ж�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер